19 Октябрь
00:45
Астана: 5 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Авто
2 қазан 11:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жүргізуші орындығы қақ ортасында орналасқан көлік шығарылмақ
Жаңа көлік «McLaren тарихындағы ең жылдам авто» атанбақ.



McLaren Automotive компаниясы жаңа гиперкардың тестілік прототипін көрсетті. Әзірше BP23 (Bespoke Project 2, атауындағы екі саны салонның жабдықталуын, яғни үш орынды екенін білдіреді) кодты атауын иеленген көлік 720S үлісі негізінде құрастырылған. Бұл британдық автомобильдің аты аңызға айналған F1-ден кейінгі жүргізуші орындығы қақ ортада орналасқан ең алғашқы көлік болып табылады, деп хабарлайды "Мотор".

Компания «McLaren тарихындағы ең жылдам авто» деп атаған жаңа көліктің есіктері жоғары қарай ашылатын болады, ол «ең үздік соңғы аэродинамикамен», толығымен карбондалған құрылыммен, 1+2 отырғызу формуласымен және қуаты 1000 аттың күшінен асатын гибридті күшпен жабдықталған.
 
Гиперкар бар-жоғы 106 данамен шығарылады. Олардың барлығы да сатылып үлгерген. Бағасы – шамамен 1,62 млн фунт стерлинг (1,9 млн еуро). Көлік иелеріне оған тек 2019 жылы ғана қол жеткізе алады.








 
нравится:    99
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии