|    |  
20 ақпан 2019
19:38
қаз
Жұлдызнама белгілерінің ең қиын мінезі
28 желтоқсан 2018, 10:11 33

Мінсіз адамның болмасы анық, сіздерге жұлдызнама белгілерінің жаман қырын сипаттап көрсетуге тырысамыз. Қарым-қатынаста қандай мүмкіндік беретіндігінен бұрын біреулер үшін жайсыз қасиет ол белгіні айқындап тұрса, енді бірінің өміріне зиянын тигізіп отырады. Әр жұлдзнама белгісіне үңіле қарасақ, кері тартатын қасиеттері жетіп артылады, алайда бұл бәрін қашырмасы да анық.

Тоқты, Сарышаян, Бикеш пен Тауешкінікі өте күрделі мінез деуге болады. Бұл адамдарға сыю кей кездері мүмкін емес. Олардың кез келгені сіздің фирмаңыздағы қарсыласыңыз болып шығуы әбден мүмкін.

Жалпы жұмыс Сарышаянның ауыр мінезінен, Тоқтының қызбалығынан, Тауешкінің қыңырлығынан, Бикештің ызыңдауынан жарты жолда, аяқсыз қалуы әбден мүмкін. Кейде бұл пайдалы болып та жатады, өйткені сарышаян өз дегенінде тұрады, ал Бикеш маңызды кездесуді жіберіп алуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан да алдымен серіктестік жобаларды бастамас бұрын, оларды тыңғылықты зерттеп алған артық болмайды. 

Балықтар, Шаян мен Таразылар анағұрлым жылы мінезге ие. Алайда мұны көпшілік адамдар кемшілік қатарынан көруі де мүмкін. Бұл көбіне өзінің жұбының бойынан ер мінезге тән қасиетті көргісі келетіндерге қатысты  шығар. Нәтижесінде өз жолдасының жұмсақ мінезіне көндігуге тура келеді.

Бар болғаны, бұл белгілердің кілтін тауып, дұрыс жолға бағыттаса жетіп жатыр. Ойланып, ақылдасып қабылдаған шешімнің пайдасы мол болары анық.

Егіздер, суқұйғыш пен мергендерді табиғат ерекше мінезбен жаратқан. Олар құбылмалы келеді. Өз сөзінен бас тарту, ойын өзгерту, жауаптылықтан қашу оларға тән. Осыған қарағанда қарым-қатынастағы жеңілдік алып бара жатқандай жақсы емес.

Арыстандар мен торпақтардың жаман жағын бірден айтуға болады. Бұлар негізінен жақсы болғанымен, жаман қырлары да жоқ емес. Торпақтар үшін бірінші орынға ақша, жайлылық және сый-сыяпат бағасы тұрады. Романтикалық тұлғаға мұндай адаммен өмір сүру өте қиынға соғатыны белгілі.

Белгілердің ішіндегі өзін-өзі жақсы көретін көшбасшылық арыстанға тән. Бұл белгінің жақсы тұсы - жақын адамдарына, айналасына өз махаббатын таратып жүреді.

Дереккөз: Melochi-jizni.ru


Жаңалықтар