|    |  
20 мамыр 2019
12:36
қаз
​Жұлдызнама белгілері: сізді бәрінен бұрын не ренжітеді және көңіліңізді қалдырады
01 қазан 2018, 12:26 11

Біз күн сайын жан жарасын, мазасыздықты, ренішті сезінуіміз мүмкін. Бұған көбіне көп өзара қарым-қатынас әсер етеді. Сіз қандай да бір оқиғаларға көңіліңіз түсуі не болмаса әлемдегі әділетсіздікке налуыңыз да мүмкін. Астрологтардың көзқарасы бойынша, сізді көбіне көп не нәрсе ренжітеді және көңіліңізге қаяу түсіреді?

Тоқты

Адамдардың қоршаған ортаға ықылассыз қарауы сізге мазасыздық әкеледі. Сіз табиғат ортасын, әдемі жерлерді ұнатасыз, сондықтан да адамдардың оларды күтпей, зиян келтіруі сіздің жүрегіңізді ауыртады.

Торпақ

Біреуді мазақ қылып жатқанды, қорлауды көру сізді ызаландырады. Бұл тұлғаға көрсетілген қысым деп есептейсіз.

Егіздер

Сіз үнемі қозғалыста жүресіз және өзгелердің бір қалыпты өмірі сізді жалықтырып жібереді. Оларды көре тұра көңіл-күйіңіз түседі.

Шаян

Сіз өзгенің жағдайын жүрегіңіз ауыра өзіңіз арқылы өткере аласыз. Жаңалықтардан түрлі әділетсіздікті көргенде жүрегіңіз қарс айырылады. Е4 жаманы, сіз жүрегіңіз түршіге отырып, таныстарыңызға бұл оқиғаны тәптіштеп тұрып айтып бересіз.

Арыстан

Өзіңізді жақсы көресіз әрі өте өркөкірек жан болғандықтан әлсіздерді көргенде шыдамайсыз. Өмірден түңілген, жуасып қалған тұлғаларды көргенде сіз үнемі олардың алға деген сенім мен құлшынысын оятқыңыз кеп тұрады.

Бикеш

Сіз бақылай алмайтын дүниелермен қоштасқан кезде терең күйзеліске бой алдырасыз. Сіз бақылаудың жанкүйерісіз және бір нәрсені жоғалту сізге өте ауыр.

Таразы

Жазықсыз адамдардың жапа шеккенін көріп қынжыласыз. Бар күшіңізбен жазықсыздарды қорғап жүресіз. Адам трагедиясын көргенде өз эмоцияңызға ерік бересіз.

Сарышаян

Сіз әлем де, адамдар да әйтеуір бір күні өледі дегенді ойлап, пессимистке айналған жансыз. Көбіне көп өлім туралы тақырып сізді мазалайды да тұрады.

Мерген

Сіз өмірді сүймейтін адамдарды түсіне алмайсыз. Сіз оптимистсіз және ылғи да позитивті көңіл күйде жүресіз, ал ызыңдап әр нәрсеге бас қатырып, кері тартып жүретін адамдарды су қаныңыз сүймейді.

Тауешкі

Адамдардың  айналасындағы заттарға қалай болса солай қарауын көріп, шыдамыңыз таусыла түседі. Сіз дөрекі және тәрбиесіз адамдардың қарым-қатынасын түсіне алмайсыз.

Суқұйғыш

Сізді адамдардың білімінің тайыздығы мазалайды, өйткені сіз шынайылық пен дәйектерге негізделгенсіз. Адамдарды жалған нәрсеге сенуді үйрету сіздің ызаңызды тудырады.

Балықтар

Сіз шығармашылықты ұнатпайтын және өнерді түсінбейтін адамдарды жек көресіз. Сіз жаһандық, ерекше жобаларды жақсы көресіз және адамдардың бұл жобаларды түсіне алмауы сізді шаршатады.

Дереккөз: ​Flytothesky.ru


Жаңалықтар