|    |  
25 мамыр 2019
13:20
қаз
​Жұлдызнама белгілері ұйқысыздықпен қалай күреседі
26 қыркүйек 2018, 15:51 14

Сізді ұйқысыздық жиі мазалайды ма? Иә, бұл шынымен де проблема екені рас. Ұйқы адамның миы мен денесінің тыным алуы үшін қажетті. Сіз түннің бір уақытына дейін ұйықтай алмасаңыз, бұл сіздің денсаулығыңызға да кері әсерін тигізеді. Әр жұлдызнама белгісінің ұйқысыздықпен күресуінің бірден-бір тәсілдері де бар. Ендеше, ол тәсілдермен танысайық.

Тоқты

Тоқтының ұйқысыздықпен күресетін амалдарының бірі – таңертеңгі уақыттағы белсенді жаттығу және ұйықтағанға дейінгі үш сағат ішінде ешқандай дене жаттығуларын жасамау. Жаттығулар тоқтыға күш-қуат береді, ал ұйықтар алдында дене жаттығуларын не күш түсетін қимылдар жасаса, ол көпке дейін ұйықтай алмауы мүмкін.

Торпақ

Торпақ ұйқысыздықпен жылы ваннаны неше түрлі эфир майларын қосып қабылдап, күрескенді қалайды. Лаванда майының хош иісі тамаша, десе де ол ұйқыны шақырады. Торпақ күнделікті мұндай майларды пайдалана бастаса, денесі де ұйқының кезегі келгенін түйсінетін болады.

Егіздер

Ұйқысыздықпен күресу үшін, егіздер өздерінің төсектерін «жұмыс істемейтін» аймақ жасайды. Бұл дегеніміз, кереуетте ешқандай экрандар болмауы керек: ноутбук, телефон және планшет. Ұйықтар алдында оқуға болады, алайда бұл қағазда басылып шыққан қарапайым ескі, жақсы кітап болуы шарт.

Шаян

Шаян үшін, ұйқысыздықпен күресу - жаңбырдың немесе мұхиттың дыбысы секілді медитация жазбаларын тыңдау. Ол өзін және тыныс алуын сезінуі шарт және алаңдатып, күйзеліске түсіретін нәрселер туралы ойламауы тиіс.
Арыстан

Арыстан ұйықтар алдында бір нәрсе ішкенді жақсы көреді. Ол үшін ол түймедақтан, сүттен немесе куркумадан жасалған жылы сусынды таңдауы мүмкін. Дәл осылай ғана арыстандар жайланып, өз ағзасын ұйқыға дайындай алады.

Бикеш

Бикештер ұйқысыздықты жеңу үшін бірқатар әрекеттер жасайды. Ең алдымен олар жатын бөлмені жинап шығады, өйткені бұл дұрыс ұйықтауына әсер етеді деп ұғады. Одан кейін олар жатын бөлменің температурасына мән береді, ол суық не ыстық болмауы тиіс, кейіннен төсек жаймалары мен матрастарға да көңіл аударылады.

Таразы

Нашар ұйықтаған сайын таразылар кофеинді пайдаланбау керектігін ойлайды. Бұл тек қана кофе емес, бұған шай да, шоколад та кіреді. Таразы қызығып, кей кездері түстен кейін бір шыны аяқ кофе ішкен күндері бұл күні ұйқының бұзылатындығын сезіп отырады.

Сарышаян

Сарышаян мелатонинге бай азық-түліктерді тұтынуға тырысады, бұл олардың түскі асы немесе ұйықтар алдындағы жеңіл тағамы болуы мүмкін. Бұл банан, шие, сұлы жармасы, қоңыр күріш, итмұрын және қызыл шарап, сондай-ақ сүт өнімдері, жаңғақтар, балық, күркетауық, жұмыртқа, күнжіт және күнбағыс дәндері. Әдетте сарышаян ұйықтар алдында тамақ жемеуге тырысады.

Мерген

Жақсы ұйықтау үшін мергендер әрдайым ұйқыға дейін ешқандай даулар мен келіспеушіліктерден аулақ болулары керек. Олар көңілін бұзатын нәрсені көруді және тыңдауды қаламайды, бұл тіпті әлеуметтік желілердегі пікірлерді де қамтиды. Мергендерге демалып, жайлану керек. Олар ұйықтар алдында, өздерінің эмоцияларын төгіп тастаудың терапевтік тәсілі ретінде күнделік бастай алады.

Тауешкі

Тауешкілер ешқашан өздерін ұйықтап кетуге мәжбүрлемейді. Олар қойларды да санамайды және көздерін тарс жұмып ұйықтауға да талпынбайды. Әдетте, ұйқысыздық жағдайында, тауешкі жай ғана төсектен тұрып, жарығы аз жерде жұмыс істейді, мысалы, кітап оқып, ойларын жазып немесе үй жануарларын ермек қылады.

Суқұйғыш

Суқұйғыштың ұйқысы қиын болса, олар жиі серуенге шығады. Табиғи жарықтың әсері олардың биоритмдерін тыныштандырып, қалпына келтіруіне көмектеседі. Сонымен қатар, күн сәулесі - D дәрумені, ал бұл дәруменнің жетіспеушілігі ұйқының бұзылуымен байланысты. Табиғи жарық сонымен қатар денеде мелатонин мен кортизол деңгейін теңестіруге де көмектеседі.

Балықтар

Балықтар жақсы ұйқы үшін магний қосындыларын қабылдағанды ұнатады. Олар сондай-ақ босаңситындай бір жерді ойлап, саяхат жасап қайтқанды да жаны сүйеді. Иә, балықтар жағажайда, толқынның дыбысын естіп, аяқтарымен құмды сезініп және күннің баяу көкжиекке батқанын тамашалағанды қиялдайды.

Дереккөз: ​Flytothesky.ru


Жаңалықтар