|    |  
25 сәуір 2019
00:46
қаз
Жебеуші құсыңыз Сіз туралы сыр шертеді
24 ақпан 2018, 12:36 8
Сіз жылдың әрбір айы белгілі бір құспен таңбаланатынын білесіз бе?

Сіз туған айдың жебеуші құсы Сізге керемет мінездеме беруі мүмкін екендігіне күмәніңіз болмасын! Сонымен өз болмысыңыз туралы толық білгіңіз келе ме? Ендеше кеттік.




1. Үкі (қаңтар)
Сізге тынық тұңғиықтың тіршілік иелері жақсы таныс. Сіз сұхбаттасқан кезде әрбір сөзіңізді електен өткізіп, таңдайсыз және қарым-қатынас жасауда аса мұқяттылық танытасыз. Сырт көзге Сіз өте байсалды адам болып көрінгенімен, ішіңізде эмоция мен сезім бұлағы қайнат жатады! Сіз өз ережеңізді қатаң ұстанасыз және айналадағылардың өз талаптарыңызға сәйкес қарым-қатынас орнатқанын қалайсыз.

2. Тотықұс (ақпан)
Тотықұстың мінезін болжап болмайды және ол ешқашан көңілсіз жабырқауды білмейді, алайда оған артық фантазия және көп қиялдау тән. Бұл шығармашылық символы, сондықтан Сіз қандайда бір өнерге шынай берілген жансыз. Айналадағылар Сіздің ерекше мінез-құлқыңыз бен бай энергетикаңызға қызыға қарайды. Сіз ортада елеусіз қалғыңыз келгенімен, үнемі назарда боласыз!

3. Қызылтамақ шымшық (наурыз)
Жігерлік пен табандылық символы. Сіз өмірдің талай соқпақтарынан ешбір қиындықсыз аман-есен шығуға қабілеттісіз. Жұрт Сізді қайраттылығыңыз және сенімге кіре алатыныңыз үшін қатты құрметтейді. Кейде қатты шаршаған сәтте, өзіңіздің әлсіздігіңізді көрсеткіңіз келмейді және алдағы мақсаттарыңызға бар күш-жігеріңізді саласыз.

4. Шымшық (сәуір)
Көтеріңкі көңіл мен ақжарқын күлкі – Сіздің өмірлік серігіңіз. Сіз әзілқой жансыз және өзіңіздің сөз тапқыштығыңызбен жұрттың көңілін көтеруге бейімсіз. Бұл айда дүниеге келгендер сөзшең әрі қызық мінезді адамдар!

5. Бұлбұл (мамыр)
Сіз кез келген адамның қоңырқай күнін мерекеге айналдыра білесіз. Сіздің көңіл-күйіңіз әрдайым позитивке толы, сондықтан кейбір жандар Сізге қызғана қарайды. Сіз өз айналадағыларыңызға күлкі сыйлап, оларды көтеріңкі көңіл-күймен жігерлендіре аласыз.

6. Көгершін (маусым)
Құстардың патшасы. Сіз туабітті көшбасшысыз, тіпті, оны кейде өзіңіз де байқамай қаласыз. Ұйымдастырушылық және басқаларға міндеттерді бөліп беру – Сіздің мінезіңіздің негізгі ерекшелігі. Сіз бар жауапкершілікті өз мойныңызға алып, тәртіп орната аласыз. Сіз үшін алынбайтын қамал жоқ. Сіз барша жанды соңыңыздан ерте білетін жансыз.

7. Бүркіт (шілде)
Бұл құстың негізгі қасиеттері – табандылық, тәкаппарлық және өзіне сенімділік. Сіз өзгелердің мұңын тыңдай білесіз, сондықтан кейде бейтаныс жандар өз сырларын айтып, өздері туралы көп нәрсені жайып салады. Сізге толық сенім білдіруге болады және Сіз кез келген ақпаратты толығымен құпия сақтай білесіз. Сіз пайдалы кеңестер беріп, адамдарды дұрыс жолға салуға және көңіл-күйін көтеруге қабілеттісіз.

8. Балықшы құс (көктарғақ) (тамыз)
Бұл айда дүниеге келген жандар өте ақкөңіл. Сіз жаңа таныстықты қатты ұнатасыз және жаңа таныстарды өзіңізге тарта білесіз. Сіз қолы ашық жансыз, басына қиындық туған жандарға көмектесуге әрқашан дайынсыз, дұрыс жолдан тайғандарға да өз көмегіңізді аямайсыз.

9. Қаршыға (қыркүйек)
Сіз – батыл жансыз. Сізді аяғыңыздан шалып жатса да, орныңыздан жеңіл көтеріліп, қайтадан алға ұмтыласыз. Сізді байқамай қиын, бірақ Сізге өзгелердің назарына ілігуді мүлдем ұнатпайсыз. Бұл құрметтеуге тұрарлық ерлік пен қарапайымдылықтың белгісі.

10. Аққу (қазан)
Сізді қолынан өнері тамған шебер кісі деп атауға болады. Сіз әрдайым барлық нәрсенің шешімін таба білесіз, тіпті аса күрделі проблемалардың өзін қысқа мерзім ішінде шешіп бере аласыз. Сіз барлық кезде өзіңіздің дұрыс әрекет жасағаныңызға сенімдісіз және өзіңізге қарсы шығуды ұнатпайсыз.

11. Әтеш (қараша)
Сіз кез келгеннің қолы жете бермейтін керемет доссыз және серіктессіз. Кез келген қиын жағдайда Сіз үнемі өз жақындарыңыздың жанынан табыла білесіз және оларды қорғау үшін ештеңеден тайынбайсыз. Сіз айналадағыларды ынталандырып қана қоймай, оларды дұрыс жолға бағыттай білесіз, ал өзіңізді әрдайым жақсы қырынан танытуға тырысасыз.

12. Қарға (желтоқсан)
Бұл – жасырын құпияларға толы құс, ал Сіз – үнемі таңғаларлық қызықты оқиғаларды іздейтін жансыз. Сіз барлығын білуге құмар әрі өзіңізге сенімді адамсыз, үнемі жаңа тәжірибені үйренуге құмарсыз. Сіз өз бетінше бақытқа қол жеткізе білетін, толыққанды тұлғасыз. Сіз көпшілік жиналған жерлерден қорықпайсыз, алйда кейде жалғыз қалғанды ұнатасыз.


Дереккөзі: Flytothesky.ru


Жаңалықтар