|    |  
26 наурыз 2019
20:23
қаз
Жапондардың ақша жинау тәсілі
11 қыркүйек 2017, 15:41 5

Бір айлық кіріс-шығысты есептеңіз!

Айдың басында өзіңіздің кірісіңізді есептеп, шығыныңызды жоспарлаңыз. Мысалы жолға, тамаққа, киімге, байланысқа деп әр біріне білгілі бір сомада қаражат бөліңіз. Одан артық жаратпауға тырысыңыз.

Қанша ақша үнемдеу керек екеніңізді жоспарлаңыз.

Алдыңызға нақты мақсат қойыңыз, мысалы осы айда жеке қорыңызға қанша теңге салғыңыз келеді? Ол үшін ақша талап ететін бос қыдыруларды тиюға тура келеді. Әрі ақшаны жинауда нақты бір мақсатыңыз болсын. Мысалы саяхатқа шығамын деп жинасаңыз, сол үшін талпыныңыз.

Күн сайынғы шығындарды жазып жүріңіз. 

Бұл сіздің ақшаңыздың қайда кетіп жатқанын білуге өте қолайлы тәсіл. Айту оңай болғанмен, істеу әрқашан қиын. Бірақ күшіңізді жинап тиындарыңызды есептеп үйреніңіз.

Әр аптаның және айдың соңында өзіңізге есеп беріңіз!

Сіз мақсатыңызға жеттіңіз бе? 
Өзіңізге берген уәдені орындадыңыз ба? 
Жеке қорыңызға ақша түсті ме?

http://ikerim.kz/2017/09/11/japondardyn-aksha-jinau-tasili/


Жаңалықтар