|    |  
24 сәуір 2019
12:19
қаз
Жалғыздықтың ең басты 10 себебі
30 қазан 2017, 14:40 15
Жалғыздық сезімі тікелей біздің эмоционалдық күйімізбен байланысты. Сонымен біздің еркіндігімізге қуанып, шаттана өмір сүруімізге не кедергі? Жалғыздық сезімінен құтылу үшін ең алдымен оның себептерін анықтап алған жөн.

 
 
1. Өз-өзіне деген сенімсіздік

Жалғыздықтың ең басты себебі өз ішіңізде. Егер бойжеткен өз-өзіне сенімсіз болса ер адаммен танысқан кезде өзін қалай ұстауды, қалай көрсетуді білмейді. Сол себепті ол ашыла алмайды.  
 
2. Бір тақырыптың төңірегінен шықпау

Ер адаммен бір тақырыпты ғана талқылай беру жалықтырып жібереді. Ерлер әр тақырыптың басын шалып, әр нәрсенің дәмін татқанды жақсы көреді. Сондықтан оларды көбірек тыңдап, арасында астарына көбішік қоя салған дұрыс.
 
3. Араласатын адамдардың аздығы

Сіз көп жерге шықпайсыз және адамдармен араласу үшін ешқандай қадам жасамайсыз.
 
4. Дүниетаным

Егер елдің бәрін жау санасаңыз сізбен ешкімнің араласқысы келмейтіні анық. Сол стяқты ерлердің бәрі бірдей деген ойдан аулақ болу керек. Жігіттермен кездескенде бөріктілерді жамандай кетуден сақтаныңыз.
 
5. Өз дегенінен қайтпау

Ерлерге тым табанды, айтқанынан қайтпайтын қыздар ұнай бермейді. Оларға өз дегеніне көніп, айтқанына келісетін қыздар ұнайды.
  
6. Өз-өзін шектен тыс жақсы көру

Өз-өзін шектен тыс артық жақсы көретін адамдармен араласу ешкімге ұнамайды. Әркім өзін біреуге керек сезінгісі келеді. Сол себепті танысқан адамға да қызығушылық танытып, ол туралы сұрап қойған дұрыс.
 
7. Тілдің ащылығы

Ешкімге тілі ащы адамдар ұнамайды. Сондықтан майда сөйлеп үйреніңіз.
 
8. Шектен тыс қамқоршылық таныту

Ер азаматқа жас баладай өбектеп, шектен тыс қамқорлық таныту дұрыс емес. Олар қасынан жақсы сырласты, досты көргісі келеді. Ал қамқоршы аналары үйде де бар.
 
9.Уақыттың жетпеуі

Барлық уақытыңызды жұмысқа, оқуға арнау ағаттық. Адамдармен араласу, оларға барынша көңіл бөлу де адам өмірінің маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан айналаңыздағы адамдарды ұмытпаңыз.
 
10. Жараланудан қорқу

Бұрын өміріңізде соққы алсаңыз ол кейінгі қарым-қатынастан қашқақтауға себеп болуы мүмкін. Бұл арада қорқынышқа жол бермеу қажет. Жақсылыққа үміттенген абзал.
 
Дереккөз: brightgood.life


Жаңалықтар