|    |  
22 мамыр 2019
09:07
қаз
Зарина Дияс Азияның бірінші ракеткасы атанды
24 тамыз 2015, 16:52 8

Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте 34-ші орында. Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс WTA рейтингінде Азияның үздік теннисшісі атанды, деп хабарлады Vesti.kz. 
Әйелдер теннис қауымдастығының жаңартылған рейтингінде 21 жастағы Зарина Дияс 33-ші орыннан 34-ші орынға түсті. Қытайлық теннисші Пэн Шуай 32-ші орыннан 38-ші орынға түсіп, Дияс WTA рейтингінде Азияның бірінші ракеткасы атанды.
Азияның бірінші ракеткасы атағына біраз уақыттан бері 2014 жылы қыркүйекте мансабын аяқтаған қытайлық теннисші Ли На ие болған.

Дереккөзі: ҚазАқпарат 


Жаңалықтар