|    |  
19 сәуір 2019
22:16
қаз
​Volkswagen $15 млрд өтемақы төлейтін болды
28 маусым 2016, 18:10 4

Немістің Volkswagen автоконцерні АҚШ-тағы дизельге қатысты дауды реттеу үшін шамамен 15 млрд доллар бөледі. Қаражаттың көп бөлігі жарты миллионға жуық темір тұлпарды сатып алуға және жөндеуге жаратылады. Қалған ақшадан әрбір көлік иесіне 5 мыңнан 10 мың долларға дейін өтемақы төленеді. Айта кеткен жөн, бұған дейін АҚШ-та Volkswagen-ге қатысты дау туындаған еді. Америкалықтар автоконцернді дизельдік көліктердің экологиялық қауіпсіздік көрсеткіштерін бұрмалады деп айыптап отыр. Қазір Еуропа мен Азияның бірқатар елінде компанияға қатысты тергеу де жүріп жатыр. 

24.kz


Жаңалықтар