|    |  
24 сәуір 2019
11:52
қаз
Венесуэла президенті өзін Сталинге ұқсататын мәлімдеді
18 қыркүйек 2017, 15:33 12


Венесуэла президенті Николас Мадуро өзінің түр-келбетін Иосиф Сталинге ұқсататынын айтты, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

«Әлемде мені "Кариб өңірінің Сталины" деп санайтын адамдар бар, шынында да мен оған қатты ұқсаймын да. Әсіресе, қырынан тұрғандағы келбетіме қараңыздаршы. Мен кей кезде айнаға қарап, өзімнің Сталинге ұқсайтынымды байқаймын», - деді Венесуэла Президенті VTV телеарнасындағы жексенбілік бағдарламалардың бірінде.



Сондай-ақ, Мадуро өзге әлемдік көшбасшыларға қарағанда өзінің анағұрлым «жұмсақ» басшы екенін айтты.

«Испания үкіметінің төрағасы Мариано Рахой 700 мэрді ұстау үшін Каталонияға полиция жіберді. Сонда кім диктатор сияқты әрекет етіп отыр? Оппозицияға плебисцит өткізуге рұқсат берген Мадуро ма, жоқ әлде Каталония халқына ойындағысын айтуға мүмкіндік бермей отырған Рахой ма?», - дейді ол.

Шілде айының ортасында Мадуроның оппоненттері референдум ұйымдастырып, азаматтарға Конституциялық ассамблея шақыруға қатысты пікірлерін білдіруді ұсынған еді.

Венесуэла оппозициясының мәліметінше, жалпыхалықтық дауыс беруге 7,6 млн-нан астам адам қатысқан, олардың 98%-ы КА-ны шақыруға қарсы болыпты. Алайда үкімет дауыс беру қорытындысына күмән туғызды.



 


Жаңалықтар