|    |  
25 сәуір 2019
00:03
қаз
Венесуэла Еуропаның төрт еліне наразылық білдірді
05 қыркүйек 2017, 10:45 5
Венесуэла Сыртқы істер министрлігі Испания, Ұлыбритания, Италия мен Германия елшіліктеріне оппозиция өкілі Леапольд Лопестің әйелін қолдағаны үшін наразылық нотасын жіберді.



Бұған дейін Лиллиан Тинторидің автокөлігінен қомақты қаражат табылып, 2 қыркүйек күні сотқа шақырылған болатын. Сол себепті шет елге шыға алмай қалған.
 
Тинтори Франция президенті Эммануэл Макронмен, Германия канцлері Ангела Меркель, Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй және Испания үкімет басшысы Мариано Рахоемен кездесу үшін Еуропаға аттанбақшы болған.
 
 Венесуэла Сыртқы істер министрлігі аталған елдердің елшілері Тинторимен әуежайға бірге барғанын, ол жерден Еуропаға аттанбақ болғандарын мәлімдеді.
 
 «Біз елшілерді шақырып, Венесуэладағы әрекеттері және бұл іске араласқандары үшін оларға ресми  наразылық нотасын жібердік. Тинтори ханым елшілерді өз мүддесі үшін пайдаланғандығын айтқымыз келеді» - деді СІМ басшысы Хорхе Арреаса.
 
Леапольдо Лопес 2014 жылы 40 адам құрбан болған жаппай қарсылық шарасына кінәлі деп танылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Дереккөз: РИА Новости


Жаңалықтар