Әлем жаңалықтары
20 шілде 15:59
Велосипед мінген бойжеткен жиналмалы көпірдің астына түсіп, ажалдан аман қалды


АҚШ тұрғыны (Висконсин) жиналмалы көпірдің механизмі іске қосылған сәтте жолды бөгеп тұрған шлагбаумға қарамастан велосипедпен қатты жылдамдықпен келіп, көпірдің астына түсіп кеткен.

Абырой болғанда, оқиға куәгерлері дер кезінде көмек көрсетіп, бойжеткенді велосипедімен бірге көпірдің астынан алып шыққан. Басқа куәгерлер болса көпірдегі қауіпсіздікке жауап беретін қызметкерге болған оқиға туралы хабарлап, механизмді тоқтатуды өтінген.

Бойжеткен аздаған дене жарақатын алғаны болмаса, бір ажалдан аман қалған. Оқиға орнынан ауруханаға жіберілген ол алдағы уақытта бүкіл ғұмырына жетерлік өмірлік сабақ алғанын айтып, көпшілікке алғыс білдірген.




Дереккөзі: 120.su

Комментарии




Яндекс.Метрика