|    |  
25 сәуір 2019
00:03
қаз
Тырнақ берік болу үшін құралдарды қалай таңдау қажет?
26 наурыз 2018, 14:59 18
Қысқы дәрумен жетіспеушілік әсерінен көріктілеріміз көп жағдайда тырнақтарының сынуға бейім екенін, болмаса қатпарлануын байқап жатады. Қазір сол жағдайды қалыпқа келтіретін кез жетті. Тырнақтарыңызды сәл де болса жандандыру үшін қандай құралдарды таңдап алған орынды?



Әдемі маникюр үшін сау әрі қатты тырнақ болғаны дұрыс. Ал әдемілікті сақтау үшін бұл мәселеге кешенді түрде қараған абзал. Бұл жағдайда дәріханадан сатып алынған көптеген кәсіби құралдар, көпшілікке таныс әрі сыналып көрген халықтық ем-дом шаралары да жетерлік. Осылардың ішінен өзіңізге келетінді таңдап алсаңыз болады. Алайда жақсы нәтижені тек қана кәсібилердің көмегі арқылы ғана алмайтыныңызды білген жөн: тырнақты үй жағдайында берік қылу да қолдан келетін, мүмкін жағдай.

Табиғи тырнақтарды қатайту. Емдеу нұсқалары
Тырнақтың күйіне дәрумендердің жетіспеушілігімен қатар, ыдыс жууға арналған құралдар мен химиялық заттарды пайдалану мейлінше әсер етеді. Олар сондай-ақ тырнақ қабатын әлсіретіп, тырнақтың өсуіне кері әсерін тигізеді. Сән салондарында тырнақты қатайтуға және емдеуге арналған түрлі кешенді процедуралар ұсынылып жатады. Алайда тырнақтың тиімді түрде жақсаруын тек қана сырт келбетін реттеумен шектелген дұрыс емес. Бірінші кезекте дәрумендер кешенін пайдаланған орынды. Бұл дәрігерлер немесе косметологтар кеңесімен ұсынылған мультивитаминдер кешені, А және В тобының препараттары, тырнаққа арналған арнайы дәрумендер болуы мүмкін.

Тырнақты емдеу, қатайту және сау қалпын сақтау үшін түрлі маскалар мен компресстер, нәрлендіргіш қоспалар пайдаланылады. Көпшілік ем-домның ішінен тырнақтың қатаюына арналған ванналар да өзінің тиімділігімен ерекшеленеді. Егер осындай ем-дом шараларын аптасына 2-3 рет жасап отырса, тырнақтарыңыз өзінің беріктігін тез қалпына келтіріп, әдемі әрі жылтыр бола түседі.
Тырнақты қатайтуға арналған дәрумендердің мағынасыДәрумендер мен кальцийдің жетіспеушілігі салдарынан тырнақ қатпарлана бөліне бастайды. Жетіспей тұрған элементтерді толтыру үшін құрамында кальцийы бар дәрумендерді пайдаланған дұрыс. Ең жақсы әсер беретіні кальциймен қоса D дәруменін пайдалану, осындай құрам негізінде ағза элементтерді тез сіңіріп алады. Тырнақтың қатты болуын E, F, A, C дәрумендері және йод қалыпқа келтіре алады. Мұндай кездері табиғаттың көмектесетіндігінен үмітті болудың қажеті шамалы. Тырнаққа түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, жиі күтім жасау керек. Сол кезде ғана сіздің қолыңыздың әдемілігі берік те әдемі тырнақтарыңызбен ерекшеленіп тұрады.

Үй жағдайында тырнақты қалай қатайтуға болады
Үй жағдайында тырнақты қатайту түрлі майларды, емдік жақпа майларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл құралдардың құрамына қалыпқа келтіруші элементтер, активаторлар, тырнақ жасушаларын қалыпқа келтіру кіреді. Егер бұған қоса С дәрумені, аминоқышқылдар, кератин болса, тіптен дұрыс болады, олар тырнақты қоршаған ортаның зиянды әсерінен сақтайды. Тырнақты үй жағдайында қатайту үшін мынадай әдістерді қолдану ұсынылады:

Теңіз тұзы.  Минералдар, микро, макроэлементтер көзінен тұратын бұл емдік қалыпқа келтіруші ванналарды йод, лимон, сұйық Е дәруменінің тамшылары толыққанды етеді.

Лимон және өзге де табиғи шырындар. Тырнаққа арналған лимон маскасынан кейін косметикалық немесе басқа да жақпа майлармен майлаған дұрыс.

Шөп қайнатпалары. Тырнақты қатайтуға және нәрлендіруге арналған шөп қайнатпаларынан жасалған ваннаны лимон шырыны және маймен сылау жақсы толықтырып тұрады.

Өсімдік майлары. Бұл зәйтүн, бадам, ошаған, өсімдік майлары болуы мүмкін, сондай-ақ жожоба май, шай ағашы майы және олардың қоспасы пайдаланылады.

Балауыз немесе парафин. Бал мен өсімдік майының кез келгенімен тең үлес салмағында қосылып, жылы массаж қоспасы ретінде пайдаланылады.Тырнақты берік қылуға және өсуін жеделдетуге арналған ұсынылған және өзге де танымал халықтық ем-дом шаралары бір ай үздіксіз пайдалану кезеңінде тырнақтарыңыздың берік әрі әдемі болып өсуіне септігін тигізеді.

Тырнақтың өсуі және қатаюы. Косметологтар кеңесі
Маникюр және косметология саласындағы кәсіби мамандар проблемалы тырнақтарды тиімді емдеу және қалпына келтірудің көптеген кешенді әдістерін әзірлеген. Сондай-ақ, сарапшылар мынадай ережелерді сақтауға кеңес береді:

• тырнақтарды агрессивті тұрмыстық және табиғи факторлардан қорғау;
• аяздан қорғап және күн сәулесінен қорғайтын жақпа май жағу;
• маникюрге арналған жоғары сапалы керек-жарақтарды ғана пайдалану;
• тырнақтарға арналған керамикалық егеуіш пайдалану;
• тырнақтарды ішінен және сыртынан нығайту;
• қоректік және майлы компрессорларды қолдау.

Сонымен қатар әрбір жағдайда тырнақты нығайту үшін құмды, сарымсақты, бал маскаларын сондай-ақ қызыл және қара бұрыш қоспаларын қолданған да жөн. Кәсіби мамандар әрдайым дәріханалық препараттарға, сондай-ақ түрлі косметикалық компаниялардың нығайтушы құралдарына көмекке жүгінеді. Дәріханадан кез келген уақытта құрамында дәрумендік және мниералды заттары мол тырнақты нығайтуға арналған  капсула немесе таблеткадағы дәрумендер кешенін сатып алуға болады. салауатты өмір салтына негізделген осынау барлық әдістің симбиозы тамаша тырнақ, сонымен қатар шаш пен тері түріндегі өте жақсы нәтижені міндетті түрде береді.

Дереккөз: http://www.7ya.ru
  

 


Жаңалықтар