|    |  
19 сәуір 2019
22:25
қаз
Төреғалидың ата-енесі қыздары туралы бар шындықты айтты
24 қазан 2017, 15:53 22
Өткен аптада ғана дүркіретіп үйлену тойын өткізген Төреғали Төреәлінің ата-енесі Тұрарбек пен Гүлназ Тұманшиевтар «Айта берсін» бағдарламасында қыздары мен күйеу балалары туралы бар шындықты айтты.


 
Толқын Райымбек ауданы, Кеген ауылында 1992 жылы 12 шілдеде дүниеге келген. Бес баланың екіншісі екен. Қазақ Ұлттық университетін, одан кейін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.

«Толқын дипломын алып жұмысқа шыққан күні тұрмысқа шығып кетті. Ұзату тойы жақсы өткен. 2014 жылы өткіздік. Ұзату тойдан кейін құдалар құдайы тамақтарын беріп, беташар жасады. Бәрі жақсы өткен. Көңілде қорқыныш болды. Сері адамдар ғой, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт. Шыдау керек. Қызыма ол айтылды. Қызым барамын, шыдаймын деді. Қызымызды толқып, қорқып беріп едік. Бірақ үмітімізді ақтады»-дейді Төреғалидың атасы.
 
«Үлкен той болады деп күтіп жүрдік. Аллаға шүкір болып жатыр. Қызымның өнер адамына тұрмысқа шыққанына қарсы болмадым. Өйткені қызым да өзі өнерлі. Жан-жақты болғандықтан оның өнер адамымен жақсы өмір сүретініне сендім. Толқын тегін ауыстырды.  Біз қарсылық білдірмедік. Қазір Әлиханова Толқын болды. Бұрын Мырзакимова Толқын Тұрарбекқызы болатын»-деп ағынан жарылған енесі де баласы үшін қуанышты екенін жасырмады.
 
Ал Төреғалидың қалыңдығы бар екенін әкесі Төреәлі мырзаға жеткізген Бағлан Әбдірайымов болып шықты.

«Осыдан 4-5 жыл бұрын Төреғали екеуміз «Қызғанамын» деген әнге дуэт жазып, шығармашылық тығыз байланысты болғанбыз. Бір күні Төреш келді, қасында Толқын бар. Содан мен Төреәлі ағамызға қоңырау соғып «Төреш келді, қасында келінбала бар, бәріміз бірге жүрміз» дедім. Сөйтсем Төреәлі ағам білмейді екен. «Қандай келін» деп қызығушылық танытып, сұрап, кейін келін етіп түсіріп алды ғой. Сосын беташарында сүйінші жаңалықты жеткізгенің үшін деп қолындағы сағатын тарту еткен»-дейді Бағлан.
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар