|    |  
25 мамыр 2019
13:17
қаз
Топ 5: ең салақ жұлдызнама белгілері
25 қыркүйек 2018, 10:16 15

Сіз әйтеуір бір күні белгілі бір орынға (кеңсе немесе тұрғын үйге) бас сұққанда, кір ыдыстар? Айтпақшы, жұлдызнама белгісі сенің таза немесе салақ болуыңа да әсер етеді екен. Лас, салақ болып жүру қандай жұлдызнамаларға тән екенін бірге анықтайық.

Торпақ

Торпақ кейбір кездері салақтыққа бой алдырып, кеңсесін не үйін қопыратып шашып алуы мүмкін. Алайда ол жүйелі түрде тәртіпсіздікпен күресетіндігін мойындау да керек. Ол алдымен кілемді тазалап алып, артынша оған темекінің күлін тастай салуы әбден мүмкін. Бұл жұлдызнама белгісіндегі адамдар тазалықты басқаша түсінеді.

Арыстан

Арыстандар уақыт өте келе қалай салақ болғанын да сезбей жатады. Олар әлемді өзінің сымбатымен таң қалдырудамын деп ойлап, бәріне көз жұма қарап жүре береді, осылайша салақтыққа бой алдырады. Олардың көзқарасы бойынша, олар жарқырап тұрғанда үйдегі не кеңседегі болмашы шаң-тозаң түк те емес.

Тауешкі

Тауешкілер өздерін ең еңбекқор, ең табысты және ең жолы болғыш деп санауды қалайды. Негізінде бұл адамдардың қабағы салыңқы, салақ келеді. Дегенмен, олар әрдайым ақылын пайдалана біледі, қабілетті де, алайда тазалыққа келгенде олай емес.

Суқұйғыш

Суқұйғыштың үйіне бас сұқсаңыз, шашылған киімнен, сөмкелерден, ойыншықтардан, тағам қалдықтарынан аяқ алып жүре алмай қалуыңыз әбден мүмкін. Ол артынан жинау керек деген ойды мүлде жақтырмайтын жұлдызнама белгісі. Ендеше, суқұйғыштар тілімен айтқанда, «шығармашылық шашыраңқылық» деп аталатын хаосқа дайын болыңыз.

Балықтар

Иә, балықтар дұрыс әрі таза жүргісі келеді-ақ, алайда бұған ортасы мүмкіндік бермейді. Таза жүру олардың ісі емес. Олар табиғатынан айналасында не болып жатқанда ісі жоқ болып жүретін жандар. Әрине, бір күні балықтар бәрін өз қолына алып, үй ішінде тазалық орнатуы мүмкін, алайда бұл да ұзаққа бармас.

Дереккөз: ​Flytothesky.ru


Жаңалықтар