|    |  
23 сәуір 2019
03:57
қаз
​Терінің көктемгі күтімі
23 наурыз 2018, 14:51 39

Қалыпқа келтіреміз

Жылы күндер басталысымен біз үйімізді тазалап, киетін киімімізге мән бере бастаймыз. Сыртқы бет әлпетімізге де назар аударатын дәл осы кез екені анық. Көктемгі тазалықтың жан-жақты болғаны орынды!

Мерзімді тұрақсыздық
Қандай өзгеріс бар? Көктемде бәрі де өзгереді, табиғат та қысқы ұйқыдан оянып, жаңа мерзімді бастауға дайындалады. Біз дәл осы ауысымдарға ыңғайлана алмаймыз, ағза тығырыққа тірелетіні айқын. Міне, осыдан келіп көңіл-күй тұрақсыздығы, денсаулықтағы түрлі кінәраттар пайда бола бастайды. Нәтижесінде бұрын ұмыт болған аурулар қайта қозуы немесе теріңізде түрлі қиыншылықтар пайда болуы мүмкін. Құрғақ тері анағұрлым бұжырланып, аллергиялық реакциялар байқалып, ал майлы тері тез арада қызарып шыға келуі де ықтимал.

Не істеу қажет? Ауысымдар арасында бізге бар болғаны өз сұлулық жолымызды таңдап алып, сонымен жүру қажет етіледі. Күтім кешенді болғаны дұрыс. Диетадан бастаңыз, артық салмақтан арылыңыз, қыс бойы жиналған ағзадағы қалдықтардан құтылыңыз. Иммунитетіңізді түрлі дәрумендермен және тағамдық қоспалармен көтеріңіз. Моншаға барыңыз. Фитнеспен айлысыңыз немесе қауызға абонемент сатып алыңыз. Және де күнделікті косметикалық процедураларға мән беруді ұмытпаңыз. Сол кезде ғана Сіз табиғатпен бірге жаңарып жатқаныңызды сезіне аласыз!

Тазалау
Пилинг жасап, артық нәрсенің бәрін жойып, бетіңізге тегістік сыйлаңыз.
Құрғақ тері, түлеу, әжімдерҚандай өзгеріс бар? Қыстың суығы, құрғақ ауа және жел өз дегенін істейді. Терінің қорғаныш қабаты жұқарып, май бездері тарылады, терінің сыртқы беті созылыңқылығынан айырыла бастайды, нәтижесінде әжімдер көрінеді. Ал жансызданған жасушалар ылғалдандырушы компоненттердің теріге енуіне кедергі келтіріп, бұдан тері түсі сау емес көріне бастайды.

Не істеу қажет? Мұндай жағдайда жұмсақ скрабтар мен жұқа қабықшалы маскаларды пайдаланған орынды. Сезімтал теріге арналған құралдарға аса мән беріңіз. Косметологтар көктемде кәсіби пилинг жасатуға кеңес бермейді (әсіресе орташа және терең тазалауды) – олар ультрафиолет сәулелеріне сезімталдықты жоғарылатады, соның салдарынан жаз бойы күннен қашып жүруіңізге тура келеді. Ылғалдандырушы маскалар жасаңыз және де таңертен бетіңізге тыныштандырғыш, ылғалдандырғыш крем, ал кешкісін нәрлендіретін крем жағуды ұмытпаңыз.

Жұмсақ тазалау құпиясы
Тым сезімтал тері сізге скраб қолдануға мұрсат бермеді ме? Бетті кірден, комедоннан және терінің жансызданған қабатынан тазалау үшін кәдімгі мақтаны немесе таза фланель матаны пайдалануыңызға болады.
Бетіңізге тазалаушы көбікті немесе сүтті лосьонды жағыңыз. Сосын саусағыңызға мақтаны немесе матаны орап алып, шеңбер бағытымен бетіңіздің ортасынан бастап самайға дейін ақырын сүртіңіз.
Маңдай, мұрын және иек тұсын да жеңіл басып сүртіңіз. Мұны бірнеше рет қайталаңыз.
Соңында жылы сумен, болмаса шай қайнатпасымен жуыныңыз. Бетіңіздің өзі құрғауын күтіңіз – сүлгімен сүртпеңіз.

Бітелген тері, тегіс емес, бөртпелі теріҚандай өзгеріс бар? Жел тиген тері қатқыл болып, терінің тесіктері бітеліп, май бездері оңайлықпен шыға қоймайды. Бұған қос, күн белсенді түрде май бездерінің бөлінуіне жағдай жасап, нәтижесінде теріде комедондар пайда болды.

Не істеу қажет? Теріңізді жақсылап тазалаңыз. Бірақ спирттік лосьондар мен кептіргіш көпіршіктерден аулақ болыңыз. Су құбыры арқылы келетін сумен жуынбағаныңыз дұрыс. Көктемгі еріген қар суы қаладағы суды бет жууға мүлде тиімсіз ететіні белгілі, хлордың көп мөлшері теріге теріс әсер беруі ықтимал. Сондықтан да қайнаған сумен жуынып, шама келсе оған түймедақ, ақжелкен, жалбыз қайнатпаларын қосуыңызға болады. Жиі моншаға баруға тырысыңыз, болмаса бетіңіз үшін бу ванналарын жасап отырыңыз.

Жаңару
Теріңізді ылғалдандырыңыз және қалпына келтіріңіз, бетіңізге жарқырау сыйлаңыз.
Түнерген, шаршаған теріҚандай өзгеріс бар? Терінің сыртқы шаршаңқылығы – ішкі ағзаның жағдайынан да хабар беріп отырады.
Дәрумендердің жетіспеушілігі, ылғалдылықтың кем болуы біздің теріміздің де сау түс пен ішкі жарқыраудың жоғалуына, аз созылғыш қалпына түсуіне әкеледі. Бұған қоса қан айналым дұрыс болмайды.

Не істеу қажет? Бірінші кезекте диета ұстаңыз, дәрумендер қабылдаңыз, таза ауада жиі серуендеңіз. Қан айналымды жақсартуға массаж көмектеседі, оны сіз үй жағдайында жасай аласыз, болмаса мамандардың көмегіне жүгіне аласыз. Салондарда бұл кездері мезотерапия курсын ұсынып жатады, бұл тері астына дәрумен жіберу. Жемістерден, ашымал өнімдерден, жұмыртқадан жасалған маскалар да жағдайды жақсарта түсетіні анық. Майлы кремдерді көп пайдаланбаңыз, бірте-бірте күтімнің жазғы түріне көшіңіз.

Сезімтал, жеңіл қозғыш теріҚандай өзгеріс бар? Күн сәулесі, өсімдіктердің гүлдеу кезіндегі тозаңы және температураның өзгеруі терінің анағұрлым сезімтал болуына әкеледі. Күтпеген жерден қызару пайда болуы мүмкін, болмаса косметикалық құрал аллергиялық реакция туғызуы мүмкін.

Не істеу қажет? Жаңа косметика пайдаланбауға тырысыңыз – күнде пайдаланып жүрген құралдарыңыз орынды. Гиппоаллергенді бейтарап кремдерді пайдаланыңыз. Тамақтануыңызды қадағалаңыз – экзотикалық өнімдерді, майлы, ащы тағамдарды тұтынбаңыз. Дәрумендер мен микроэлементтерді пайдаланыңыз. Теріңізді ылғалдандырып, тыныштандырыңыз, иммунитетін күшейтіңіз. Далаға шығарда міндетті түрде қорғаныш кремдерін пайдаланыңыз. Үйге келгеннен кейін сүтті лосьонмен немесе тоникпен сүртіп тазалаңыз, артынша нәрлендіргіш крем жағыңыз.

Майлы жылтыры бар теріҚандай өзгеріс бар? Егер сізде онша әбігерге салмайтын қалыпты тері болса да, мерзім ауысқанда жылтыр пайда болуы мүмкін. Бұл да кеңінен таралған құбылыс, көптеген әйелдер дәл осы тақырыпта шағым түсіріп жатады. Бұл мәселе психологиялық тұрғыда өріс алған, бет теріңізге ештеңе болмайды, тек қана жылтырап тұрған мұрынмен жүру жайсыздық әкелетіні анық.

Не істеу қажет? Бұл уақыттары күңгірт реңк беруші кремдерді пайдаланған дұрыс. Күні бойы бетіңізге тек қана үгілмелі опа жағыңыз ол тек қана жылтырды басып қана қоймайды, теріні қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғайды. Кешкісін теріні лосьонмен сүртіңіз, сондай-ақ сәлбен, түймедақ, қара шай, айранды пайдалауыңызға әбден болады.


Түсті қалпына келтіру
Теріңіз сау әрі кіршіксіз болуы үшін, оған бар болғаны таңертең және кешкісін бірнеше минут уақытыңызды бөлгеніңіз орынды.
Таңертең теріңізді кесек мұзбен «оятыңыз» - бұл мұз боп қатқан шай немесе шөптің қайнатпасы болуы мүмкін. Бастысы теріні ұзақ уақыт бойы уқаламаңыз және тоңдырып алмаңыз, тек қана бетіңізбен жеңіл жүргізіп шығыңыз.
Теріңіздегі қан айналымды жақсартуға жеңіл массаж көмектеседі – ол бетті шапалақтау болмаса беттің ортасынан самайға қарай сәл басу.
Қан тамырлар жүйесін аромакосметика да жақсы реттейді, жоғары сезімталдықты жойып, қайта қалпына келтіруді жеделдетеді.

Қорғаныш

Ультракүлгін фильтрлер, антиоксиданттар, қуаттандырғыш кремдер
Тегіс емес, жарылған теріҚандай өзгеріс бар? Иммунитеттің түсуі терінің күн мен жел әсерінен түрлі өзгерістерге душар болуына әкеп соғады. Мұны ұмытып, біз көп жағдайда күн сәулесіне бетімізді тосқышпыз. Кей кездері бұл  пайдалы да. Ал егер бетіміз күйіп, терінің иммунитеті түсіп кетсе, бетімізде түрлі секпілдер мен дақтар, жарылулар пайда бола бастайды. Ауыз айналасындағы «жарылулар» дәруменнің жетіспеушілігінен хабар береді.

Не істеу қажет? Алғашқы күн сәулесінен абай болыңыз, ультракүлгін сәулелерге қарсы кремдерді пайдаланыңыз. Жұмсақ пилинг маскаларды, нәрлендіргіш маскаларды тұтыныңыз. Жарылған ерінді емдеудің ертеден келе жатқан танымал әдісі – оларға бал жағу немесе тіс щеткасымен ысқылау.

Күн аллергиясы, фотодерматит
Қандай өзгеріс бар? Теріде тітіркену пайда болуы немесе ұсақ бөртпелер, күлдіреу пайда болуы ықтимал. Кей кездері кеңсірік пен бет терісі қатты қызаруы мүмкін. Күн сәулесіне жоғары сезімталдық гормоналды препараттарды қолдану, А дәруменін немесе өзге де дәрілерді шамадан тыс қолдану секілді ішкі бұзылушылықтар негізінде де орын алуы мүмкін.

Не істеу қажет? Бірінші кезекте дерматологқа барыңыз. Диета сақтаңыз. Бетіңізді міндетті түрде күн сәулесінен SPF-факторлы крем арқылы қорғаңыз. Біраз уақыт бойы декоративті косметика қолданбауға тырысыңыз.

Секпіл, пигменттік дақтарҚандай өзгеріс бар? Секпіл мен пигментті дақтар – күнге күюдің негізгі белгілері. Бұған себеп теріде меланиннің тегіс емес және біркелкі емес түрде жайылып орналасуы. Бұл геннен берілуі немесе теріге күтімнің дұрыс болмауынан пайда болуы ықтимал (мәселен, тері күнге күйіп қалса, дақтардың пайда болуы қалыпты жағдай). Көбіне секпілдері барлар сарғыш шашты немесе аққұба қыздар болатыны белгілі. Бұл тегін емес, өйткені секпілдің пайда болуы терінің  күннен ерекше қорғану қажет ететіндігі туралы белгі беріп отырады.

Не істеу қажет? Әрдайым теріні күн сәулесінен қорғаңыз. Күннен қорғайтын SPF 25  және одан жоғары факторлы кремдерді пайдаланыңыз. Көптеген ылғалдандырушы және тоналды кремдерде күннен қорғау әсері бар екендігі жазылып, оның деңгейі 25-тен төмен болып жатады, бұл сезімтал тері үшін жеткіліксіз. Егер секпіл бетіңізге шығып, одан құтылудың амалын іздесеңіз, жеміс қышқылдары қосылған ағарту құралдарын пайдаланыңыз. Сондай-ақ үй жағдайында лимон шырынын, қиярды, бақбақты, тұзды қырыққабатты, ақжелкенді, ашыған сүтті пайдалана аласыз. Осы заттардың бірінен маска жасап, секпілдің үстіне жағып, 20-30 минутқа қалдырыңыз. Сонымен қатар 3-пайыздық сутегінің асқын тотығын сыра ашытқысымен немесе сумен араластырып та қолдануға кеңес беріледі.

Косметикадағы дәрумендер

Біз авитаминозбен кешенді түрде күресеміз, сондықтан тері үшін көктемде міндетті түрде қажеттісі – дәрумендер мен антиоксиданттар.
Е дәрумені асқынуды азайтады, қартаю процесін тежейді, теріні қатайтады.  
С дәрумені- табиғи антиоксидант, терідегі қорғаныш және зат алмасу процестерін белсенді етеді, қан айналымды жақсартады.
F дәрумені тітіркенуді басып, құрғақтықтың алдын алады, әжімдерді тегістейді.
А дәрумені (ретинол) жасушалардың жандану процесін белсенді етеді. Бірақ ретинол қосылған косметика терінің ультракүлгін сәулелерге сезімталдығын күшейте түседі, кей кездері оны тітіркендіреді.

Дереккөзі:http://www.7ya.ru


Жаңалықтар