|    |  
25 сәуір 2019
00:20
қаз
​Танымал продюсер 90 жылдары шет елден қалай көлік әкеліп сатқанын айтты
24 қазан 2017, 10:19 10
Айқын Төлепберген, Мақпал Исабекова, Санда сынды әншілердің жұлдызын жаққан танымал продюсер Эрик Тастембеков өткен өмірінен сыр шертті. Продюсер бүгінгі жетістікке оңайлықпен қол жеткізбеген. Және шоу-бизнеске де бірден келмеген. Әуелі өзін коммерциялық бизнесте сынап көрген екен. Талантты адам барлық жағынан талантты деген осы болса керек.


 
«1993 жыл. Бұл менің екінші көлігім. ВАЗ 2107. 1992 жылдың қарашасында мен мажарлармен (Венгрия) Қазақстанға автокөлік жеткізу туралы келісімшарт жасадым. Бірақ алдын ала төлем жасайтын көк тиын ақшам болған жоқ. Аздаған қарыз алып, үстіме жақсы костюм шалбар сатып алдым да, ірі кәсіпорындар мен фирмаларды аралауға кірістім. Жаңа автокөліктерді автонарықтағы бағадан әлдеқайда арзанға жеткізіп беретініме сендіріп, олардан алдын ала төлемге ақша алдым. Жеткізу мерзімі 50 күн. Осылайша мен 150 автокөліктің ақшасын жинадым. 1993 жылдың қаңтарында мен алдын ала төлем жасаған тапсырыс берушілеріме көліктерін жеткізіп бердім. Содан кейін менде 27 машина қалды. Оларды асықпай, нарықтағы бағамен саттым. Міне осындай тарих. Осыны еске алғанда сол кездің адамдары қандай сенгіш еді деп таңғаламын. Мүмкін мен өзімнің келісіміне қатты сенгендіктен тапсырыс берушілердің маған еш күмәні болмаған шығар. Айтқым келгені де осы. Егер сенің ниетің түзу болса және жасап жатқан ісіңе сенсең сенің қолыңнан бәрі келеді»-дейді продюсер.

 

1993 г. Это моя вторая машина - ВАЗ 2107 5-ступенчатая коробка передач, реэкспортный вариант. В ноябре 1992 г. я заключил контракт с венграми на поставку реэкспортных семёрок в Казахстан, но денег на предоплату не было, чтобы вы понимали, их у меня вообще не было. Я занял немного, чтобы купить хороший костюм и начал ходить по офисам крупных фирм, предлагая машины по предоплате, но цена была гораздо ниже, чем на авторынке . Срок поставки 50 дней. Так я набрал сумму на поставку 150 автомобилей и при этом количестве цена за машину была ещё ниже, чем та которую озвучивал заказчикам. В январе 1993 г. я осуществил поставку в срок к радости заказчиков и после раздачи машин людям, сделавшим предоплату, у меня осталось 27 машин, которые я продал, не торопясь, уже по рыночной цене. Вот такая история. Сейчас, вспоминая это, я поражаюсь, какими, в то время, доверчивыми были люди; или я так сильно верил в свою сделку, что у них не возникало и тени сомнений в моей порядочности. Вот что я хотел сказать: если у тебя чистые помыслы и ты веришь в то, что делаешь - все у тебя получится! ✊????✊????✊???? #моиисториипередсном

Публикация от Эрик Тастембеков (@erik_tastembekov)


Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар