|    |  
27 наурыз 2019
03:05
қаз
Таңғы асқа жеуге болмайтын қауіпті тағамдар
14 қараша 2017, 09:35 8
Осы материалда аш қарынға жеуге болмайтын тағамдарды айтпақпыз


 
1. Шұжық қосылған бутерброд
 
Шұжықтың құрамында зиянды компоненттер көп болғандықтан аш қарынға ауыр тағам жеудің қажеті жоқ.


 
2. Жылдам әзірленетін таңғы астар

 
Жарнамаларда жылдам әзірленетін таңғы астардың пайдасы туралы көп айтылады. Ал расында көмірсулар қандағы қант мөлшерін көбейтіп, жылдам қарныңызды аштырады. Бұл өз кезегінде артық салмақ жинауыңызға себеп болады.


 
3. Цитрус тұқымдастар
 
Аш қарынға цитрус тағамдарын жеу гастритке шалдықтыруы немесе аллергия тудыруы мүмкін. Сондықтан цитрус сусынының орнына дұрыстап тамақтанған абзал.


 
4. Банан
 
Банан құрамында магний мөлшері көп. Ол жүрек – қан тамыр жүйесіне әсер етеді.


 
5. Қызыл ет
 
Қызыл етте қорытуға ауыр элементтер көп. Сондықтан етті түскі асқақалдырған абзал.    


 
6. Шикі көкөністер
 
Шикі көкөністерде қышқыл көп. Ол асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді.


 
7. Сарымсақ
 
Сарымсақтың иісінен бөлек құрамында аллицин көп. Ол асқазанды тітіркендіреді. Соның себебінен гастроспазм пайда болуы мүмкін.


 
8. Кофе
 

Аш қарынға ішкен кофе шырышты қабықты тітіркендіріп, гастриттің дамуына жол ашады. Сондықтан кофені таңғы астан кейін бір-ақ ішу керек.


 
9. Тәттілер
 
Аш қарынға жеген тәтті тағам қандағы қант мөлшерін арттырып, қан диабетіне шалдықтырады.


 
Дереккөз: hochu.ua


Жаңалықтар