|    |  
23 наурыз 2019
15:34
қаз
Тағам дайындағанда дәрумендерді қалай құртып жүрміз?
03 қараша 2017, 18:17 10
Кейде құрамында дәрумені көп өнімнің ешқандай нәтиже әкелмей жатқанын байқаймыз. Осы материалда бар дәруменді қалай жоғалтып алып жүргенімізді және оны қалай сақтап қалу керектігін айтпақпыз.


   
Шырындар
 
Ағзаға қосымша қуат берудің ең қарапайым тәсілі А, В, С, Е дәрумендерін қабылдау және шырын ішу. Мәселен коктейл, шырын құрамындағы осы дәрумендер құтыға құйып алғанда, біраз уақыт тұрып қалғанда өз құнарын жоғалтады. Коктейлді де, шырынды да дайындаған күйі бірден ішіп алған жөн.
 
Компот пен тосап
 
Компот пен тосап құрамында ингредиенттер көп. Бірақ олардың бәрі бірдей пайдалы емес. Себебі компотқа қажетті жемістерді кептірген кезде дәрумендердің 50% жоғалады. Сондай-ақ ұзақ уақыт тұрған өнімнің құнары кете бастайды. Оның орнына жеміс-жидекті турап, мұздатқышта сақтаған тиімді.
 
 Сорпалар
 
Көже мен сорпаны әсте молынан әзірлемеген жөн. Кешкі асқа отбасының барлық мүшесіне жетерлік етіп жасасаңыз болды. Қайта жылытқан сорпаның құнары да, дәрумені де кетіп қалады.
  
Өсімдік майлары
 

Өсімдік майларын дұрыс сақтай біліңіз. Олар күннен, ауадан «қорқады». Себебі мұндай атмосферада олардың құрамындағы дәрумендер бұзылады.
 
Лимон қосылған шай
 
Әдетте біз лимон қосылған шай пайдалы деп ішіп жатамыз. Ал шынында ыстықтан лимон құрамындағы С дәрумені жоғалады.
 
Дереккөз: http://kitchenmag.ru


Жаңалықтар