|    |  
25 мамыр 2019
21:01
қаз
Суық күндері қалай тоңбауға болады: қарапайым 5 ереже
26 желтоқсан 2018, 14:50 21

Күн санап ауа райы суық тартып келеді, ал біздің ағзамыз бұған үйрене алмай әлек. Үйден шыға салысымен, тез арада дүкенге, не кеңсеге, тіпті көлікке жетуге асығамыз, ал серуендеуге шықсақ он бес минуттан кейін тоңып кетеміз. Десе де, жаман ауа райысыз да болмайды, суық деп таңнан кешке дейін төрт қабырғаға қамалып отыра беруге де болмас. Жылыну үшін не істеу қажеттігін әңгімелейміз.

Тамақ ішпей, үйден шықпаңыз!
Қыстыгүні 400 калория артық жеуге болады. Тамақтан түскен  артылған энергия ағзаны жылытуға кетеді, сондықтан да қыстыгүні қарынды аштырып қойып, диета ұстау дұрыс емес. Көкөніс тіскебасарларын жылы сорпа мен көмірсуы мен ақуызы бар тағамдарға: қарақұмыққа, күріш, картопқа алмастырған орынды.
Тамаққа жылытатын қоспалар, атап айтқанда зімбір, даршын, ащы бұрыш, сарымсақ қосыңыз.

Аяқ-қолды жылы ұстаңыз
Аяқ-қол тоңа бастағанда, біз өзіміздің қатты тоңғанымызды сезіне бастаймыз. Былғары қолғаптан гөрі мұндайда тоқылған, жүннен жасалған қолғаптар қажет екенін сеземіз. Аяқ киімнің аяқты қысып тұрмауын қадағалаңыз. Егер етігіңіз аяғыңызды қысса, ол қымбат әрі қалың болса да, аяғыңыз тоңары белгілі.
Далаға шықпай тұрып, 20 минут бұрын қолыңызға жақпа май жағыңыз және қан айналымды жақсарту үшін жеңіл уқалап жіберіңіз.

Қабаттанып киініңіз
Бір қабат қалың жемпрден гөрі бірнеше қабат жұқа киім киген дұрыс. Сізге жүріп-тұруға киіміңіз ыңғайлы болу қажеттігін де ұмытпаңыз.

Қарама-қарсы себезгі қабылдаңыз
Үнемі тоңғанды тоқтату үшін таңертең аралас себезгіні қабылдаған орынды. Суық су қан айналымды жақсартып, ағзаға қан жүре бастайды. Бұл жүрек-қан тамыр жүйесіне жақсы әсер етеді, сондықтан суықта қатты тоңа қоймайсыз.
 
Ыстық сусындар ішіңіз
Сіз ыстық нәрседен  гөрі, ішімдік ішіп, жылынуға да мүмкін екенін білетін боларсыз. Негізінде ішімдік денені аз уақытқа ғана жылытады, біраз уақыттан кейін ағза ыстықты тез жоғалтып алады. Және де үйден шығарда ыстық сусынды ішіп шыққан дұрыс емес, суық ауаны жұту арқылы жылынған ішек шырышы қабаты бұзылады.

Дереккөзі: ​goodhouse.ru


Жаңалықтар