|    |  
24 наурыз 2019
15:25
қаз
Солтүстік Кореяның ішкі өмірі туралы шындық
28 сәуір 2017, 18:21 38
Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы шиеленіс әлемдік БАҚ-тың назарын аударып отыр. Бұл күнде күллі әлем Солтүстік Кореяға көз тікті.  Шынында ішкі өмірі құпия саналатын Солтүстік Корея туралы не білеміз? Осы материалда ел астанасы Пхеньян мен басқа да қалалардың тыныс-тіршілігімен таныстырмақпыз.


 
Бір анығы мұнда шетелдіктерге қалада емін-еркін жүруге және суретке түсіруге тыйым салынған. Сондықтан Солтүстік Кореяда барлық қонақтармен бірге жол көрсетушілер ілесе жүреді. Суреттердің барлығы шынайы ма, әлде, арнайы жасалған көрініс пе белгісіз. Бірақ әр суретке зер сала қарасақ нағыз Солтүстік Кореяны көруіміз мүмкін.  
 
Пхеньян. Сәулеті мен көлік жүйесі


 
Солтүстік Корея астанасы қазіргі көшбасшы Ким Чен Ынның билігі тұсында қатты өзгерді. КХДР көшбасшысы көптеген жаңа аудандарды тұрғызды. Соңғы тұрғын үй кешенінің ашылуы Күн күніне, яғни, Ким Ир Сеннің туған күні 15 cәуірге сәйкес түскен болатын.


 
Ремен көшесіндегі жаңа кешен көптеген зәулім ғимараттардан тұрады. Бұл кешенді салуға бір жыл уақыт кеткен. Солтүстік Корея билігінің айтуынша, бұл көшедегі пәтерлер ғалымдарға, оқытушыларға және ерекше көзге түскен мемлекет қызметкерлеріне беріледі.


 
Егер өткен ғасырдың ғимараттары Кеңес Одағын еске түсіретін болса, жаңа тұрғын үй кешендері миллиондаған тұрғыны бар Қытай аудандарына ұқсас.
 

 
Солтүстік Кореяның бір мәселесі – жарықпен қамтамасыз ету. Сондықтан тұрғын үйлерде жарықты бірнеше сағатқа өшіріп тастайды. Әр пәтерде автоматты түрде жұмыс істейтін электр ажыратқыштары бар. Сол себепті қаладағы жарық бір уақытта жанып, өшіп отырады.


 
Пхеньянда төрт миллионға жуық адам өмір сүреді. Басқа қалалар мен ауыл тұрғындары астанаға арнайы рұқсатсыз кіре алмайды.


 
Астанаға жоғарғы оқу орындарына түсетін мектеп оқушыларынан басқа ешкім көшіп келе алмайды. Соған қарамастан Солтүстік Кореяда ЖОО саны көп.  Ел халқының алтыдан бірі жоғары білім ала алады.
 
Қалада екі метрополитен жұмыс істесе де, туристердің онда жүруіне жақында ғана  рұқсат етілді.


 
Қалада трамвай мен троллейбустар бар. Тұрғындардың басым бөлігінде жеке көлік жоқ. Сондықтан көпшілік велосипедпен жүреді.  
 
Қала тұрғындары ұялы телефон мен гаджеттерді пайдаланады. Бірақ Солтүстік Корея жаһандық ғаламтор желісіне кірмейді. Ел ішінде өзінің ғаламторы бар.


 

Ойын-сауық, дүкендер мен ас-ауқат


 
Солтүстік Кореяны зерттеп жүрген маман, Кукмин университетінің профессоры Андрей Ланьков бұл елде жеке кәсіпке заң бойынша рұқсат берілмесе де, қарқынды дамып жатқанын айтады.  
 


1950-ші жылдары Ким Ир Сеннің кезінде негізгі азық-түлік пен тұтыну тауарлары арнайы карточкалармен таратылған. Бірақ 90 жылдары Кеңес Үкіметінің көмегі тоқтағаннан кейін Солтүстік Корея экономикалық дағдарысқа ұшырады.


 
КХДР-да ашаршылық 1995 жылы басталып, тек 2000 жылдары аяқталды.  Әр түрлі мәліметтерге сәйкес, ашаршылық кезінде бір миллионға жуық адам қайтыс болған.


 
Кейін, XXI ғасырдың басында көптеген тұрғындар жасырын сауда-саттықпен айналысса, уақыт өте келе бизнес өсіп, қонақүйлер мен мейрамханалар пайда болды.


 
Солтүстік Кореяда бизнестің бар екенін Би-би-си дәлелдеген болатын. 2016 жылы британдық журналистер Пхеньян қаласында көптеген сауда-саттық орындары барын анықтаған.


 
Пхеньянда ойын-сауық парктері, аттракциондар, хайуанаттар бағы, бассейндер, кафе мен мейрамханалар бар. Сонымен қатар түстер мен сыраға арналған фестивальдер ұйымдастырылады. Солардың бірінде Би-би-си журналистері жергілікті студенттермен пікірлескен.
 


Ким Чен Ын Пхеньянға жақын жерде тау-шаңғы курортын салуға бұйрық берген. Солтүстік Кореяда құрылыс және басқа да түрлі жұмыстармен сарбаздар айналысады. Шетел азаматтарына курортта демалуға рұқсат етілген.


 
Дереккөз: korrespondent.net


Жаңалықтар