|    |  
27 мамыр 2019
19:01
қаз
Сириялық оппозиция: АҚШ делдалдар арқылы ДАИШ содырларына қару-жарақ сатуда
31 тамыз 2017, 16:36 14


Сириялық оппозиция АҚШ-тың бақылауындағы жауынгерлер қару-жарақ сатумен айналысатынын мәлімдеді
 
Ат-Танф америкалық әскери базасында жаттығатын АҚШ бақылауындағы жауынгерлер Америкада шығарылған қару-жарақтарды сатумен айналысады, деп хабарлайды РИА "Новости".
 
ДАИШ содырларына қару-жарақтар сатылатыны туралы сириялық базаның қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Мухаммад Ассалам мәлімдеген.
 
«Олар америкалық қару-жарақтар, машиналар,  М-16 винтовкалардың үлкен көлемін сатумен айналысқан, соңғы рет жасалған ревизиядан кейін америкалық әскерлерде 4,7 мың винтовка жетіспейтіндігі анықталған», - дейді Мухаммад Ассалам.

Ассаламның мәлімдеуінше, америкалық өкілдер бірнеше рет сириялықтарға үкімет әскеріне қарсы әскери ұрыс ашуға шақырған.


Дереккөзі: https://life.ru
 


Жаңалықтар