|    |  
27 мамыр 2019
19:31
қаз
Шымкенттің туристік әлеуетін арттыру үшін кәсіпорындарымыз бәсекеге қабілетті болуы қажет - Ғ. Әбдірахымов
12 қараша 2015, 15:54 9

«RIXOS Khadisha Shymkent» қонақ үйінде «Шырайлы Шымкент 2015» туристік жәрмеңкесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жәрмеңкенің басталуында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов сөз сөйлеп, туристік көрменің лентасын қиды.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Шымкент - Жібек жолы бойында орналасқан ежелгі қала. Ертеде мұнда түрлі мәдениеттер тоғысқан. Бүгінде, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі бізден өтуде. Азия мен Еуропаны жалғап жатқан бұл құрлықтық көлік дәлізінің Шымқаламыз үшін экономикалық пайдасы мол. Сондықтан, қаламыздың туристік әлеуетін арттыру үшін біздің туристік кәсіпорындарымыз бәсекеге қабілетті болуы қажет», - деп атап өтті  Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.
Бұл шараға шаһардың 7 туристік фирмасы, 5 қонақүйі, 36 жеке қолөнер шеберлері қатысты. Осы көрме арқылы Астанада өтетін «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне өңірдің ең үздік кәсіпорындары мен оның сапалы өнімдері таңдап алынбақ. Қаланың белгілі кәсіпорындары мен қолөнер шеберлерінің өнімдерін таныстырған шараның мақсаты қаланың ішкі туризмін дамыту және шеттен инвесторлар мен туристер тарту болып табылады.   

ҚазАқпарат
 
 


Жаңалықтар