|    |  
27 мамыр 2019
20:12
қаз
Шымкентте шұлық фабрикасы іске қосылады
11 қараша 2015, 11:43 8

Шымкентте шұлық тігетін фабрика іске қосылады. Кәсіпкер Санжар Тілегенов іске қосқалы отырған жаңа кәсіпорнын таныстырды. Қолға алғалы отырған фабрика жылына 15 млн жұп шұлық шығаруға қауқарлы.

Іскер азамат алдымен тауардың сапасы, сосын бағасына көп көңіл бөлемін дейді. Кәсіпорын жуырда іске қосылады. Қазір жұмысшылар жіп иіретін қондырғыларды орнатып жатыр. Әзірге мұнда 100-ге жуық құрал-жабдық бар.

Қондырғылар санын екі есеге көбейіп, фабрика толықтай іске қосылғанда кәсіпорын 300 адам жұмыспен қамтылады. Жергілікті жұмысшыларды кәріс технологтары оқытатын болады. Ауқымды іс бастағалы отырған іскерлер, тіпті, девальвацияның кей тұстарын да тиімді пайдалануға болады дейді.

Жобаны жүзеге асыруға кәсіпкерлер палатасының өкілдері атсалысуда. Жоба бойынша кәсіпорынның тауарлары ішкі нарықты қамтып, импортты алмастыруы тиіс. Кәсіпорынға 15 млн теңгенің қаражаты жұмсалған. Фабрика иесі бұл қаржыны 4 жылда қайтарып, әрмен қарай өз пайдасына жұмыс істейді.

Дереккөзі: otyrar.kz


Жаңалықтар