|    |  
27 мамыр 2019
20:33
қаз
Шымкентте «Дағдарыс мүмкіндік ретінде» конференциясы өтті
21 желтоқсан 2015, 09:28 6

Шымкенттегі «Риксос Хадиша» қонақ үйінде «Дағдарыс мүмкіндік ретінде» тақырыбында бизнес-конференция өтті. Басқосуды «ҚАЗКА» Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығы, аймақтық кәсіпкерлер палатасы және облысы әкімдігі бірлесе ұйымдастырды.
Кәсіпкерлер бас қосқан жиынға облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев, «ҚАЗКА» басқарма кеңесінің төрағасы, «Global Chemical Company» ЖШС бас директоры Ж.Жанықұлов, макроэкономикалық зерттеулер орталығының басшысы, экономист О.Құдайбергенов, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ басқармасының төрағасы Ғ.Өзбеков, «Асадель Капитал» хедж-қорының басқарушы әріптесі М.Сейсембаев қатысты.
Конференция барысында дағдарыс кезіндегі кәсіпкерлік қызметтің өзекті проблемалары, басымдық берілетін салалар, тәуекелділік аймақтары, бизнесті дамытудың сұранымға ие бағыттары қаралды. Сонымен қоса жиында персоналды басқару, өндірісті оңтайландыру мен жаңғырту, кадрлар саясатын оңтайландыру мәселелері талқыланып, Қазақстан бизнесін дамытудың жаңа идеялары ұсынылды.— Бүгінгі біздің мақсатымыз қазіргі аса күрделі дағдарыс жағдайында бағыт және өз бизнестерін дамыту мүмкіндігін табуға, сол арқылы тек ұстанымдарын нығайтып қана қоймай, мемлекетке  күрделі кезеңді еңсеруге көмектесу, жағдай жасау болып отыр, — деді «КАЗКА» ЗТБ басқармасы кеңесінің төрағасы Жұмабек Жанықұлов. — Осы негізде бүгінгі конференция аса түбегейлі маңызға ие, ең алдымен, бұл алаң мемлекет, бизнес, ғылым мен тәжірибенің озық үлгісі, алда тұрған міндеттерді жүзеге асыру жолында аймақтың іскерлік белсенділігін арттыруға және әлеуметтік экономикалық дамудың тұрақтылығына қол жеткізуге арналады.Конференцияға Қазақстанның барлық аймақтарынан экономиканың түрлі секторларынан 500-ден аса кәсіпкер, танымал сарапшылар қатысты. Бизнес-конференция қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар дайындалып, қабылданды. Оларды ұйымдастырушылардың kazka.kz ресми сайтынан табуға болады.
Бұған қоса жиынға қатысушылар «Көрме» орталығындағы жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен танысып, арнайы экономикалық аймақтағы бірқатар кәсіпорындардың жұмысын аралап көрді.

Дереккөзі: otyrar.kz


Жаңалықтар