|    |  
19 сәуір 2019
22:15
қаз
​Шымкентте ауылшаруашылық саласындағы жаңашылдықтар көпшілікке ұсынылды
12 қараша 2015, 11:07 2

Шымкентте ІV халықаралық мамандандырылған ауылшаруашылық көрмесі өтіп жатыр. «AgriTek Shymkent-2015» деген атаумен ұйымдастырылған шараға әлемнің 70 елінен ірі компания өкілдері қатысуда. Олар көрмеге өздерінің соңғы үлгідегі озық техникаларын, тез және мол өнім беретін жеміс-жидек көшеттері мен тұқымдарын да ала келіпті. Атап айтсақ, Қазақстан, Түркия, Ресей, Германия, Израиль, Испания, Италия, Нидерланды, Сербия және Украинаның ауылшаруашылық техникалары мен жабдықтары, жылыжай қондырғылары мен ветеринарлық технологиялары көпшілік назарына ұсынылады. Шарада ауылшаруашылық техникасын құрастырушы отандық компаниялар жасап шығарған өнімдер де бар. Көрменің мақсаты – серіктестермен бірлесіп, бизнес-жобаларды жүзеге асыру. Ауылшаруашылық саласына мейлінше жаңашылдық ендіруге жаны құмар еңбекқор шаруалар енді мемлекетке қол жайып қарап отырмай, өздері тапқан пайдасына тозығы жеткен техникаларын біртіндеп жаңалап алмақ. Нұрлан Бердешов, «Отырар Агро Өнімдері» ЖШС қаржылық басқарушысы: - Мемлекет тарапынан субсидия да көмекте жақсы көрсетіліп жатыр. Осы жылы алған пайдамызға 1-2 техника алсақ деген ойымыз бар. Техникамыз жақсы, жаңа болса, өнімді дер кезінде жинап ала аламыз. Дер кезінде егеміз. Тыңайтқышы мен гербециттерін бере аламыз. Жаңа техника өте қажет. Полатбай Тастанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы: - Жыл көлемінде 3-3,5 пайызға техниканы жаңартуымыз керек. Біз 3,5 емес, 5-6 пайызға дейін жаңа техникалар алып жатырмыз. Олар кемінде 7-8 жыл жұмыс жасайды. Оларға сервистік орталық ашылып жатыр.

Дереккөзі:24.kz


Жаңалықтар