|    |  
23 сәуір 2019
04:04
қаз
Шымкент — БҰҰ-ның дамуы тұрақты қалалар тізімінде
14 қараша 2015, 11:35 5

Шымкент Біріккен Ұлттар ұйымының даму бағдарламасының дамуы тұрақты қалалар тізіне енді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Өткен аптада Астанадағы халықаралық конференцияда Шымкент қаласының даму тұрақтылығын көтеру бойынша БҰҰ Даму бағдарламасының жаңа жобасы ұсынылды. Осыған орай «Mariotte» қонақ үйінде «Төмен көміртекті қалалық дамуға көшу: Қазақстан және Орталық Азия үшін жаһандық үрдістер және перспективалар» атты халықаралық конференция өтті.

Халықаралық басқосуда үздік практикалардың үлгілері қаралып, жақын арада Қазақстанның өзге қалаларының іс-шаралар жөніндегі жоспарлары жарияланатын болады. Осы бастапқы конференция жаһандық экологиялық қордың қаржылық қолдауымен басталған, БҰҰ-ның даму бағдарламасы мен Қазақстан үкіметінің бірлескен «Қазақстандағы төмен көміртекті дамуы тұрақты қалалар» жобасы шеңберінде өткізіледі.

— Әлем бірлестігінің, оның ішінде Қазақстанның дамуының жаңа талаптарының бірі — елдімекендердің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Қазіргі таңдағы экономикалық ахуал шеңберінде тұрақты қалалар бойынша жаңа жобаның іске асырылуы өте маңызды болып табылады. Себебі, бір жағынан осы тұрақтылықты қамтамасыз ету жаһандық экологиялық тиімділікті сақтайды. Екінші жағынан қалалардағы өмір сапасын жақсартауға, әсіресе қоғамдық көліктегі және қалалық шаруашылықта көрсететін қызметтің сапасын көтеруге мүмкіндік береді, — дейді энергия тиімділігі бойынша БҰҰ даму бағдарламасының жаһандық экономикалық қоры және Қазақстан үкіметі жобаларының үйлестірушісі Александар Белый.

Осы айтылған мәселеге байланысты Оңтүстік Қазастан облысы мен БҰҰ ДБ өкілдері арасында біріккен меморандумға қол қойылды. Айта кету керек, аталған жиында облыс әкімінің сенімхаты негізінде екі жақты келісімге Шымкен қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қол қойды.

Дереккөзі:otyrar.kz


Жаңалықтар