|    |  
22 наурыз 2019
12:56
қаз
Семіз әйелдерді сұлу әрі байлық статусы санайтын 10 ел
29 қазан 2017, 14:48 6
Медицинада семіздік ауру ретінде саналады. Семіздіктің денсаулыққа айтарлықтай зияны бар. Алайда әсіресе әйелдердің семіздігін байлыққа, сұлулыққа, денінің саулығына балайтын елдер аз емес.

Тонга

Тынық мұхитының оңтүстігінде орналасқан Тонга аралында толық әйелдер сұлу саналады. Аралдағы 140 мың ересек тұрғынның 100 мыңы семіздікке шалдыққан. Зерттеу мәліметтері сәйкес, Тонга тұрғындарының тұқымында семіздік бар.



Кувейт

Таяу Шығыс елі мұнайдан бөлек, толық денелі адамдарға да кенде емес. Жүрек қантамыр аурулары елде көп кездеседі. Әйелдер 15 жасынан бастап семіздікпен ауырады. Ежелгі тұрғындары семіздікті байлық деп санаған. Әйелдер толық болған сайын үйдің берекесін келтіріп тұрады деп сенген.



Фиджи

Фиджи елі жоғары калориялы тағамдар тұтынғандықтан тұрғындары семіздікке бейім келеді. Алайда бұл елде толық бөксе сұлу саналады. Әрі дені сау болған сайын толық келеді деп сенеді.



Ямайка

Елдегі 65% ямайкалық әйелдер семіздікке шалдыққан. Бұл ұлттың әйелдері толық бөкселі келеді. Мұнда арық денелілер қайғы ретіне, толық денелілер бақыт ретінде саналады. Елде жас әйелдер семіру үшін дәрі ішеді. Тек дәрі сататаны арнайы базар да бар.



Самоа

Ел тұрғындары бірнеше ғасырдан бері семіздіктен ауырады.  Мамандар бұл халықтың генінде семіздік сақталып қалғанын айтады. Сондықтан адамдары өсе келе семіре береді. Алайда толық денелі әйелдері қалыпты саналады.



Оңтүстік Африка

ЖИТС (ВИЧ) дертінен адамдар арықтайтын болғандықтан бұл елде арықтауды жек көреді. Бұл елде  толық әйелдер денсаулығы мықты әрі байлық статусы бойынша жоғары саналады.



Ауғанстан

Ауғанстанстанда көшпенділер арасында толық әйелдер зиян келтірмейтін болғандықтан бедеуліктерімен ерекшеленген. Паранджа толық денені жасырып тұрады. Алайда әйелдердің дөңгелек жүзін әсемдікке балайды.



Таити

Таити елінде «ха’апори» дәстүрі болған. Бұл «тамақтандыру» деген мағына береді. Жас әйелдерді семіртіп, кейіннен патшаларына ұсынған. Патша әйелдің сымбатына қайран қалу үшін бала тууға денсаулығы қабілетті болу үшін толық әйелдерді ұсынған. Бұл елде әйелдер кокос сүті мен көмірсу диетасынан толады.



Науру

Наура халқының 31%-ы диабетпен, одан бөлек ауыр салмақпен ауырады. 14 мың тұрғыны бар аралда толық денелілер сұлу әрі дені сау де саналады.



Мавритания

БатысАфрикада тұратын бұл елде толық әйе л сөзі сұлулық, байлық сөзімен мәндес. Жас қыздар түйе сүтін көп ішеді. Әйелдер артық салмақтан өз бетінше арыла алмағандықтан арнайы дәрілер ішеді. Тәбетін тоқтататын дәрілер де ішіп жатады. Көп әйелдер бала босанған соң ажырасып жатады. Өйткені босанған соң салмағы одан әрі ауырлай береді екен.



Источник: Stan.kz


Жаңалықтар