|    |  
20 наурыз 2019
00:43
қаз
Саяхатшылар әлемдегі ең үздік әуе компанияларды анықтады
11 сәуір 2017, 11:25 4



TripAdvisor туристік сервисінің нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік әуе компаниясы Араб Әмірліктерінің Emirates әлемдегі ең үздік әуе компаниясы атанып отыр.

Дубайда орналасқан әуе тасымалдаушы компанияға Travelers' Choice 2017 сыйлығы тапсырылды. Сонымен қатар, Emirates ең үздік эконом-класс және ең үздік бірінші-класс номинациялары бойынша да көш бастап тұр.

Рейтинг бойынша екінші орынға Сингапурдың Singapore Airlines ұлттық әуе компаниясы орналасты. Бразилияның Azul лоукостері үшдік үштіктер қатарынан көрінді. Төртінші және бесінші орындарды тиісінше америкалық JetBlue Airways және Air New Zealand (Жаңа Зеландия) компаниялары бөлісті.

Сонымен қатар, үздік ондыққа Korean Air (Оңтүстік Корея), Japan Airlines (Жопония), Thai Smile (Таиланд), Alaska Airlines (АҚШ) және Garuda Indonesia (Индонезия) компаниялары енді.

Travelers' Choice сыйлығы TripAdvisor компаниясының сайтындағы туристердің пікірлері негізінде тағайындалады. Бұл ретте комментарийлердің сапасы мен санына үлкен мән беріледі.


Дереккөзі: lenta.ru
 


Жаңалықтар