Экономика
17 қараша 12:00
Сауд Арабиясы мұнай қоры туралы деректерді жарияламақ

  
Бұл туралы корольдіктің энергетика министрі Халид әл-Фалих «Financial Times» басылымына берген сұхбатында хабарлады. Ел билігі 1980 жылдан бері мұнай қорының көлемі туралы мәліметті құпия ұстап келеді. Жыл сайынғы деректерде тек 260 млрд баррель деп көрсетілетін.
 
Ал енді ең ірі «Saudi Aramco» мемлекеттік мұнай компаниясы өз қызметі, кірісі мен қорының көлеміне қатысты ақпаратты жария етпек. Компания бұған дейін қаржылық есептерін ешқашан жариялаған емес. Тек өткен жылғы өндірісінің 10,2 млн баррельге жеткені белгілі.
 
Қазанда таратылған ақпарда елдегі мұнай қорының 70 жылға жететіні көрсетілген болатын. Бірақ бұны тәуелсіз сарапшылар растамаған.
 
 Дереккөз: http://www.vestifinance.ru/
 

Комментарии




Яндекс.Метрика