|    |  
25 мамыр 2019
13:07
қаз
Сауд Арабиясы мен Иран қақтығысынан кейін мұнай бағасы қымбаттады
05 қаңтар 2016, 11:03 11
Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы қақтығыстың өршуіне байланысты әлемдік мұнай бағасы да өсе түсті деп хабарлайды РИА Новости.



3 желтоқсанда Лондон биржасындағы сауда кезінде Brent-тің ақпандық фьючерстері күрт қымбаттап, барреліне 38,50 доллар деген бағаға жетті. Нью-Йорк биржасында WTI  мұнайы 3,5 пайызға өсіп, бағасы барреліне 38,38 доллар болды. Кейінірек баға 37,77 долларға төмендеді.

Жексенбіде Сауд Арабия СІМ-нің басшысы Тегеранмен дипломатиялық қарым-қатынастарын үзетіндігі мәлімдеді. Бұған Ирандағы Сауд Арабиялық елшілікке шабуыл жасалуы себеп болды.

2 қаңтарда Сауд Арабияның СІМ-і терроризмге қатысы бар деген айыппен 47 адамды өлтіргендерін хабарлады. Өлім жазасына кесілгендердің арасында елдегі шииттердің ең танымал өкілі, шейх Нимр әл-Нимрдің болғандығы белгілі болды. 


Жаңалықтар