|    |  
10 желтоқсан 2018
09:16
қаз
Samsung өз смартфондарынан ең маңызды элементті алып тастайды
12 қазан, 09:39 88



Samsung келесі жылы өзінің Galaxy сериялы флагмандық смартфондарынан құлаққапқа арналған ұяшықты алып тастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Android Authority порталы. Болашақ модельдерде құлаққапты USB-TypeC портқа немесе жалғастырғыш тетік арқылы қосуға болады.

Естеріңізде болса, Apple компаниясы 2016 жылы ескірген әдіс деген дәлелдер келтіріп, iPhone 7 моделінде құлаққаптарға арналған 3,5 мм портты алып тастаған болатын. Оның орнына AirPods сымсыз құлаққаптарды ұсынды. Көптеген пайдаланушыларға бұл идея ұнамағанымен iPhone тұтынушылары Lightning арналған жалғастырғыш тетікті пайдалануға тура келді.
 
Осыдан кейін көптеген телефон өндірушілер Apple компаниясының бастамасымен көшті жалғастырған болатын. Ендігі жерде Samsung компаниясы да жаңа смартфондардың дизайнында осы идеяны ұстанбақ. Android Authority дереккөздері 2019 жылы күзде жарыққа шығатын Samsung Galaxy Note 10 смартфонында көпшілік үйреніп қалған құлаққаптарға арналған ұяшық болмайтынын мәлімдеуде.

Дегенмен, 2019 жылы көктемде сатылымға шығарылуы жоспарланып отырған Galaxy S10 смартфонында 3,5-мм аудиожалғағыш тетік сақталуы және бұл Оңтүстік Корея компаниясының «ескірген» портты соңғы фрагманы болуы мүмкін.


Дереккөзі: Сегодня


Жаңалықтар