|    |  
27 мамыр 2019
19:48
қаз
​Сәбиіңіздің дүниеге келген сағаты нені білдіреді?
26 ақпан 2018, 12:28 26

Астрологтардың пайымдауынша, сәбидің болашақта қандай болатынына туған күні мен айынан басқа дүниеге келген сағаты да әсер етеді .
 
Мамандар тәулікті 12 ге бөліп,әрқайсысы қытай күнтізбесіндегі жануарға сәйкес екенін анықтаған.
 
23:00 ден 1:00 ге дейін - «Егеуқұйрық сағаты» деп есептеледі. Бұл уақытта дүниеге келген балалар өте ақылды және байқағыш болып келеді. 
       
1:00 ден 3:00 ге дейін – «Өгіз сағаты». Бұл уақытта туған сәби байсалды және ұстамды болады.      

3:00 ден 5:00 ге дейін – «Жолбарыс сағаты». Осы уақыт аралығында туған балалар қолдары ашық ақкөңіл болып өседі.  
              
5:00 ден  7:00 ге дейін – «Мысық сағаты». Бұл уақытта туған сәбилердің ерекшелігі – әділдік пен тектілік.

7:00 ден 9:00 ге дейін – «Айдаһар сағаты». Астрологтардың айтуынша бұл уақыт аралығында туған балалар өте мықты және батыл болады. Олар қор жинай алады. 

9:00 ден 11:00 ге дейін – «Жылан сағаты». Ақыл-ой қабілеті жоғары дамыған балалар осы уақыт аралығында дүниеге келеді деп болжаған астрологтар.  
 
11:00 ден 13:00 ге дейін – «Жылқы сағаты».  Бұл уақытта туған балалар жігерлі және батыл болып өседі.

13:00 ден 15:00 ге дейін – «Ешкі сағаты». Осы сағат аралығында туған сәбилер төзімді және әділ болып келеді.

15:00 ден 17:00 ге дейін – «Маймыл сағаты».  Ашық мінезді, тез тіл тапқыш балалар осы уақыт аралығында дүниеге келеді деп есептейді астрологтар.

17:00 ден 19:00 ге дейін – «Әтеш сағаты».  Бұл уақытта тәртіпті және батыл балалар дүниеге келеді дейді зерттеушілер. 

19:00 ден 21:00 ге дейін1 – «Ит сағаты». Осы уақытта дүниеге келген сәбилерге  адалдық пен әдептілік сияқты мінез ерекшеліктері лайық.
 
21:00 ден 23:00 ге дейін – «Шошқа сағаты».Батыл ержүрек балалар осы уақыт аралығында дүние есігін ашады деп санаған астрологтар.  

Ал сіздің сәбиіңіз қай уақытта дүниеге келді?


http://www.vospitaj.com


Жаңалықтар