|    |  
26 наурыз 2019
02:23
қаз
​Роза Рымбаева: Баян тәкаппарлық танытып, маған амандаспаған кездері болды
24 желтоқсан 2018, 16:13 7
Тимур Балымбетовтің «Шыны керек» бағдарламасына берген сұхбатында Роза Рымбаева белгілі продюсер Баян Алагөзовамен қарым-қатынасы жайлы айтты. Анасындай жаста болса да продюсердің өзіне амандаспаған кездері болыпты.


 
«Баянмен біз ешқашан жанжалдасқан емеспіз. Ешқашан жақын араласқан емеспіз. Арамызда түсініспеушілік болған емес. Бір-бірімізгедеген суық қарым-қатынас шығар. Біріншіден оның тарапынан. Өйткені оның әншілері, әртістері жас. Ол жұмысы жүріп тұрған продюсер, режиссер,тағы кім? Ал Рымбаева 100 жыл бұрын ән айтқан, әлі де айтып жүр. Оның тарапынан кішкене маған тәкаппар қарым-қатынас болды ғой деймін. Және өзіне деген бағасы жоғары. Мен бұны оның көзқарасынан сездім. Мен оның анасындай болсам да, ол маған үнемі амандаспайтын. Біздің жас жұлдыздардың мінезінде мұндай көп. Мәдениет жетпейтін шығар. Өйткені олар қандай жарық жұлдыз болса да аға буын бар. Олар біздің сол жолымызды жалғастырып келеді. Олар біздің жалғасымыз. Біз олардың ұстазымыз. Қазақ эстрадасының ата-анасымыз. Мен оның маған деген сондай қарым-қатынасын сездім. Кейбір түсірілім алаңында мен оны үш сағаттап күткен кездерім болды. Маған «Баян келмейінше біз түсірілімді бастамаймыз» деді. Ол үш сағаттан кейін келді. Сонда мен «Мені күтуіміз керек пе әлде Баянды ма?» деп сұрадым. Сол кездерден жағымсыз әсер қалған болатын. Бірақ бір-бірімізге бетпе-бет келіп, кикілжіңге жол берген емеспіз. Біз тіпті араласқан емеспіз. Өйткені мен оның ортасына кірмеймін. Ол менің ортамнан емес. Оның әртістерінің де маған амандаспаған кездері болды. Эстрадада фонограммамен алғашқы қадамдарын жасап келе жатқан жас қыздар да «жұлдыз» ауруына ұшырап, менімен амандаспаған. Есейген шығар ендігі»-дейді.
 

 


Жаңалықтар