|    |  
10 желтоқсан 2018
07:35
қаз
Роналдудың адвокаты: зорлау фактісі туралы іс әдейі ұйымдастырылған
11 қазан, 18:50 89



Ювентус футбол командасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың адвокаты Питер Кристиансен америкалық модель Кэтрин Майоргиді зорлауға қатысты қылмыстық іске қатысты пікір білдірді.

«Роналду зорлау фактісіне қатысты кінәсін мойындаған құжаттар – қасақана ұйымдастырылған. Бұл менің клиентімнің беделін түсіру үшін алдын ала жоспарланған акция және ол ұрланған және жеңіл қолға түсіруге болатын цифрлық құжаттарға негізделген.

2015 жылы Еуропаның әртүрлі бөлігінде орналасқан бірнеше заң фирмаларын қоса алғанда ондаған заңды тұлға шабуылға ұшырады, ал олардың электронды деректерін киберқылмыскер қолға түсірді. Хакер кейін осы ақпараттарды сатуға ниеттенді және жауапсыз басылымдардың бірі ұрланған құжатарды жариялады, алайда олардың басым бөлігі өзгертілген немесе толығымен ойдан шығарылған фактілер болатын.

Күмән тудырмау үшін тағы да қайталап айтамын: Роналдудың позициясы бұрынғы күйде қалады – 2009 жылы Лас-Вегаста орын алған оқиға екіжақты келісімі бойынша орын алған», - дейді адвокат.


Дереккөзі: iSport.ua
 


Жаңалықтар