|    |  
24 сәуір 2019
12:14
қаз
Психологиялық тест: Сіз таңдаған фигура өміріңіз туралы сыр шертеді
09 қараша 2017, 10:44 1186
Берілген геометриялық кескіннің бірін таңдап, өз өміріңіз және өзіңіз жайлы біле отырыңыз. 




Шаршы 

Тынымсыз, еңбекқор адам. Басты қасиеттері – таңғаларлық табандылық, бастаған істі аяқтамай, қоймайтын жан. Тәртіпті жақсы көреді, майда бөлшектерге мұқият, шыдамды, есте сақтау қабілеті жақсы – осылардың арқасында өз ісінің шебері. 
Квадраттың идеалы – жан-жақты жоспраланған, бірқалыпты өмір. Сызылған шеңберден алшақ басу ол үшін дұрыс емес. Себебі бұл жағдайда бүкіл жоспарды қайта құруға тура келеді. 

Бұл әдет пайдалы, алайда, жеке өмірге кедергі келтіреді. Сондықтан әдетте мұндай жандар жалғыз. Өзіне ұқсас жан кездестірсе, махаббатта жолы болуы мүмкін. 

Үшбұрыш 

Көшбасшылықтың белгісі. Бұл кескіннің өкілдері мұны өздері сезеді. Олар басты нысанадан көз алмауға дағдыланған. Оған жетуге қауқары да жетеді. Сараптауға бейім, өзіне сенімді, үнемі сергек, атаққұмар және тез үйренгіш. 
Үшбұрыштардың өмірі – жеке өмірде де, жұмыста да басыңқы орындарды иемденуге бағытталған үздіксіз күрес пен бәсекелестік. Өз қателерін мойындағысы келмейді. Өз шешімдерін өзгерткісі келмейді. Қатыгездікке де жақын. Бұл, әрине, өзгелермен қарым-қатынаста әсер етпей қоймайды. 

Тікбұрыш 

Бұл кескін үздіксіз өзгерісті көрсетеді. Тікбұрыш – әрдайым өз өміріне көңілі толмайтын жан, сондықтан үнемі өзге ізденіс үстінде. Аумалы әрі күтпеген әрекетке бейім. Бірақ олар жалғыз емес. Батылдық, білімқұмарлық, көп нәрсеге қызығушылығы өзгелерді тартады. Оның аңқаулығын қолданатындар да жоқ емес. 

Дөңгелек 

Үйлесімді білдіреді. Бәрінен де адамдармен жылы қарым-қатынасты жоғары қояды. Ол мейірбан филантроп – кез келген ортаға бейбітшілік, келісім сыйлайды. Өзгелерге құлақ түре біледі. Сезімтал, жаны ашығыш. Адамдарды жақсы тани алады. Өтірікшілерді бірден ажыратады. 

Ұрыс, қақтығыстарды ұнатпайды. Табиғатынан психолог болғанымен, ұйымдастырушылық қабілеттен жұрдай. Сондықтан тікбұрыш үшін үшбұрыштармен және шаршылармен жұмыс істегені дұрыс. 

Ирек 

Бұл кескін ажыраған пішінімен ерекшеленеді және креатив, шығармашылық, өзгеше көзқарас пен мәнерлілікті білдіреді. Бұл кескінді таңдаған адамдарға бейнемен ойлау тән. Олар нағыз эстеттер және идеалисттер. Жұмыста оларға толық еркіндік қажет. Алайда, оларды аздап қадағалаған жөн. Себебі қызығушылығын тез жоғалтатындықтан, бастаған істі аяқсыз қалдыруы мүмкін. 
Іске құнтсыздығы мен аңқаулығы басқалардың ызасына тиюлері мүмкін. Бірақ көңілділігі, тапқырлығы және оңай тіл табысатындығы оның кемшіліктерінің орнын толтырады.
 
Дереккөзі: «ПТ» топтамасынан


Жаңалықтар