|    |  
19 сәуір 2019
22:33
қаз
Психологиялық тест: Қардың пішінін таңдап, өз болмысыңызды таныңыз
17 ақпан 2018, 18:52 15



Табиғатта бірдей қар пішіні кездеспейді. Олардың әрқайсысы жеке-дара құрылымда болып келеді. Сол секілді адамдардың да түрлері ұқсас болып келгенімен, мінез-құлықтары бір-біріне мүлдем ұқсамайды.

Сіздердің назарларыңызға адамның мінез-құлқын сипаттайтын қызықты тест ұсынып отырмыз. Қар пішіндерінің бірін таңдап, өз болмысыңызды таныңыз.
 
Тест нәтижелері

1. Ертегі қары. Мұндай қарларды Кеңес дәуіріндегі ескі мультфильмдерден кездестіруге болады. Сіз белгілі бір қағидамен өмір сүруге үйренгенсіз. Өмірде болып жатқан өзгерістерді ұнатпайсыз, тек өзіңізге жақсы таныс жолмен жүргіңіз келеді.

2. Мінсіз қар. Сізге барлығы жоспар бойынша болғаны маңызды. Сіз ұсақ-түйекке үлкен мән бересіз. Болашаққа деген өз әрекеттеріңізді алдын ала мұқият жоспарлайсыз.

3. Жел диірмені пішінді қар. Сіз көптен ерекше бір жансыз. Сіз үнемі жалпыға ортақ қабылданған қағидаларға қарсы шығасыз. Топтың арасынан Сізді тану оңай, өйткені Сіз қарсы бағытта жүресіз.

4. Түсініксіз пішінді қар. Сіз эмоцияның жетегінде кетіп, көбіне ойланбастан әрекет етесіз. Өмірге деген жеңіл көзқарасыңызбен ерекшеленесіз. Өзіңіздің қателіктеріңізге көп қайғыра бермейсіз.

5. Қосарлы қар. Сіз адамдармен араласпай өмір сүре алмайсыз. Жалғыз қалған сәтте сары уайымға салынып, көңіл-күйіңіз жабырқайды. Сіз үнемі көпшілікпен бірге болып, жұртқа ақыл-кеңес беруді, қоғамдық өмірге белсене араласуды қалайсыз.

6. Қарапайым пішінді қар. Шындықты бетке айтатын тік мінездісіз, екіжүзді болу Сіздің табиғатыңызға жат. Сіз өз іс-әрекеттеріңізден ешқашан қымсынбайсыз, өйткені Сіз әрдайым ар-намысқа арқа сүйеуге тырысасыз. Дұшпандарыңызды тез кешіре саласыз. Зұлымдық пен жамандықтарға Сіздің жүрегіңізде орын жоқ.

7. Ғажайып қар. Сіздің эстетикалық талғамыңыз керемет дамыған. Сіз киім стилиінен бастап, мінсіз мәнерге дейін алдыңызға жан салмайтын теңдессіз адамсыз.Сіз әрдайым таңдануға тұрарлық күйде болу аса маңызды, сондықтан Сіз дау-жанжалға түсіп, қарым-қатынасыңызды түсіндіріп жатудан бойыңызды алшақ ұстайсыз.

8. Күрделі пішінді қар. Сіздің жаныңызды түсіну өте қиын. Мінезіңіз сан қырлы, тіпті кейде алдағы бірер минут ішінде не істеп, қандай шешім қабылдайтыныңызды өзіңіз де білмейсіз.
Барлығы да өзіңіздің көңіл-күйіңізге байланысты, ал ол жел секілді тез құбылады, тез өзгереді. Сіз бір сәтте мейірімді әрі дархан пейілді болып отырып, көзді ашып жұмғанша оғаш тік мінезді адамға айналасыз.

9. Сабақталған (тармақталған) қар. Сіз айналада болып жатқан құбылыстардың барлығын философиялық тұрғыдан қабылдайсыз. Өзіңіздің ой-талқыңыздан өткізіп, талдау жасай алатын қабілетіңіздің арқасында алда болатын оқиғаны алдын ала болжап біле аласыз.

10. Алтыбұрыш пішінді қар. Сіз өз сезіміңізге сене бермейміз, алдымен ақылыңызды тыңдайсыз. Айналаңыздағылардың көпшілігі Сізді эмоционалдық сезімін білдіре алмайтын қатыгез жан деп есептейді.
Алайда, бұл тек бір көрген кезде ғана солай. Тек өз туыстарыңыз бен сүйікті жаныңыздың қасында ғана Сіз өзіңіздің романтикалық сезімге толы натураңызды жайып саласыз.

Дереккөзі: БАҚ


Жаңалықтар