|    |  
20 мамыр 2019
13:25
қаз
Өз өміріңізді жақсы көрудің бес ережесі
02 қазан 2018, 11:49 8
Өзіңізді ренжіткен адамдардың бәрін кешіріңіз. Бәрі өз орнына келу үшін өзіңіз бен өміріңізді жақсы көруіңіз керек.

 
 
1. Өз өміріңізді жақсы көріңіз, артқа қарап қаншалықты алға кеткеніңізді, қаншалықты дамығаныңызды ойлаңыз. Өткеніңіз бен бүгініңізді салыстырыңыз. Көңіліңізге қаяу түсіргендердің бәрін кешіріңіз. Өз өміріңізге махаббатты оралтыңыз. Өзіңізді мақтан тұтыңыз. Себебі сіз қолыңыздан келгеннің бәрін жасадыңыз.

2. Өзгелердің соңынан жүгірмей, өміріңізде бар адамдарды бағалау арқылы өз өміріңізді жақсы көріңіз. Біреуге жалынғандай болмай, үнемі қасыңыздан табылатын адамдарға көңіл аударыңыз. Сіздің адамдарыңыз үнемі сізге тартылып тұрады. Ал өзіңізге келгісі келмейтін адамдарды босатыңыз және қайтып оралуын күтпеңіз.

3. Басыңыздан өткен қиындықтардың бәрі сіздің еркіңізден тыс болғанын ескеріп, өз өміріңізді жақсы көріңіз. Сіз адамға ғашық болған кезде сіз оның кемшіліктерін көрмейсіз. Өз өміріңізді де солай қабылдаңыз. Өзіңізге арналмаған нәрселерден үміттену арқылы өзіңізді жеп қоясыз. Сізге тиесілі емес дүниелерге таласпаңыз.  

4. Өзіңіз бен Ғаламға сену арқылы өз өміріңізді жақсы көріңіз. Ешкімге ешқашан толықтай сенбеңіз. Тіпті олардың сенімге лайық екенін сенімді болсаңыз да. Кейде олар өздерінің көзқарасы мен қарым-қатынасын бірнеше минутта-ақ өзгертеді. Адамдардан тым көп нәрсені талап етпеңіз және күтпеңіз. Тек өзіңіз бен Ғаламға ғана сеніңіз.

5. Өзіңізді жақсы көру арқылы өміріңізді жақсы көріңіз. Өзіңізге мейірімді болыңыз. Өз қателеріңізді кешіріңіз. Өзіңізді айыптауды тоқтатыңыз.

Дереккөз: Сегодня


Жаңалықтар