|    |  
27 наурыз 2019
01:00
қаз
Өміріңізді улайтын вампирлер: Қандай адамдардан сақтану керек?
17 қазан 2017, 09:53 11
Күнделікті тұрмыста өзіңізді де, өміріңізді де улайтын адамдар типі болады. Олар күш қолданбай-ақ сіздің қорғанысыңызды бұзып, сана-сезіміңізді улайды. Сол арқылы сіздің энергияңызды тауысып, күйзеліске түсіреді, жоқ дегенде көңіл-күйіңізді түсіреді. Өзіңіздің санаңыздың саулығы үшін мұндай адамдардан алыстау қажет. Ал еріксіз қарым-қатынас жасауға тура келсе өз эмоцияңызды бақылап, қорғанысыңызды күшейту керек. Сонымен бұл энергетикалық вампирлер дегеніміз қандай адамдар?

 
 
Өсекшілер

 
Өсекшілер өзгелердің кемшілігін, басындағы мәселелерін талқылаған кезде қуаныштан бал-бұл жайнап, соны аузының суы құрып отырып айтады. Мұндай адамдар орынды-орынсыз, жөнді-жөнсіз Сізден де жеке өміріңіз жайлы сұрай беруі мүмкін. Себебі оларға ілік керек, сіздің мініңізді көргісі келеді. Бұлардың құрығына түспес үшін олармен қарым-қатынасты шектеу қажет. Провакациялық сұрақтарына мардымсыз жауап беру немесе әңгімені басқа арнаға бұру қажет. Оларға агрессия көрсетудің қажеті жоқ. Олар сіздің ашуыңызды басқаша жорып, өсек-аяңды көбейтуі мүмкін.
 
Темпераментті тұлғалар

 
Мұндай адамдар өз эмоциясын бақылай алмайды және өздерінің әңгімелері арқылы сізді сергелдеңге салады. Олар барлық қиындығына өзгелерді кінәлауға бейім. Сізге өзінің бар негативін төгіп, энергияңызды сорады. Сіз өзіңізді кінәлі сезінуіңіз мүмкін. Олар өзіндегі барлық артық әңгімені, артық «қоқысты» сізге төгеді. Сіз оның мәселесін тыңдап, өзіңізге қажетсіз дүниелерді қабылдап аласыз.
 
Құрбан адамдар
 
Мұндай энергетикалық вампирлерді алқашқыда ажырату қиын. Сіздің оларға жаныңыз ашып, көмегіңізді аямауыңыз мүмкін. Бірақ кейінірек олардың проблемасы ешқашан таусылмайтынын байқайсыз.  Және олардың бәрін сіз шешуге міндетті емессіз. Мұндай адамдардың сізді өз мүддесіне пайдаланбауы үшін Сізге манипуляция жасауына жол бермеңіз. Қажет кезінде бас тартып, қолын кері қайтарып үйреніңіз.
 
Өздерін ғана көретін адамдар
 
Бұл адамдар сізді өзінің өз-өзіне деген бағасын, сенімділігін арттыру үшін ғана пайдаланады. Олар сіздің өзін мақтағаныңыздықалап тұрады. Ұжымда жалғыз жүруі мүмкін. Олар сіздің өзіңізге деген бағаңызды түсіріп, тұйықтыққа, айналаңызға деген көңіл толмаушылыққа тіреуі мүмкін.
 
Қызғаншақ адамдар
 
Қызғаншақтар сіздің өзіңіз туралы бағаңызды түсіруге қабілетті. Үнемі өз пікірін телуге бейім.
 
Манипулятор адамдар
 
Олар сіздің сеніміңізге кіріп, достық атын жамылып, жымысқы ойын білдірмей жүзеге асырады. Сізді өз алдында қарыздар етіп, өтінішін орындауға мәжбүрлейді.
 
Дементор адамдар
 
Бұл типтегі адамдар әдетте пессимист болып келеді. Олар ортада бірден көңіл-күйді түсіріп, өзінің күйзелісі мен негативін сізге аударуға қабілетті.
 
Шатақ шығарып жүретін адамдар
 
Мұндай адамдар ұрыс-керіске, дау-жанжалға бейім. Үнемі өзгелердікі бұрыс, өздерінікі ғана дұрыс. Мұндай адамдарға дауа жоқ. Тиіп кетсеңіз өзіңіздің басыңыз дауға қалады. Сондықтан бұл адамдардан алыс жүріңіз.
 
Сыншыл адамдар
 
Мұндай адамдар сіздің әр сөзіңіз бен ісіңізге сынай қарап, ойын орынды-орынсыз айтып қалып отырады. Сол арқылы сіздің батыл шешім қабылдап, батыл қадамдар жасауыңызға кедергі келтіреді.
 
Тәкаппар адамдар
 
Мұндай адамдар сіздің энергияңызға айтарлықтай қауіп төндіреді. Себебі олар шын мәнінде солай болмаса да өздерін паң етіп көрсеткісі, жоғары ұстағысы келеді. Және өздеріне энергиясы әлсіз адамдарды құрбандыққа таңдайды. Сол арқылы сізді таңғалдырғысы, қызғандырғысы келеді. Мұндай адамдардың ықпалына түспес үшін күн сайын өз-өзіңізбен жұмыс істеп, өз-өзіңізді тәрбиелеу қажет. Рухы мықты адамдардың энергетикалық вампирлердің шабуылына ұшырамайтынын, ықпалы түспейтінін есте сақтаңыз. Ол үшін өз-өзіңізге деген сенімділікті арттыру қажет.
  
Дереккөз: Клубер


Жаңалықтар