|    |  
26 наурыз 2019
10:25
қаз
Өкпешілдіктің өмірге әсері
12 ақпан 2019, 09:34 1


Айналамыздағы жандардың іс-әрекеті үмітімізді ақтамаса, біз оларға ренжіп жатамыз. Өкпеміз кейде орынды, ал кейде болмашы нәрселерге бола ренжитінімз бар. Ал сізді өкпелету оңай ма? Соны байқап көрелік. Тесттің әрбір сұрағына тек бір ғана жауап нұсқасын таңдаңыз.

1. Менің көңілімді түсіру оңай.
а) иә;
ә) кейде;
б) жоқ.

2. Егер мені біреу өкпелетсе, оны біразға дейін ұмытпаймын.
а) иә;
ә) кейде;
б) жоқ.

3. Ұсақ-түйек нәрселерге бола ұзақ қамығып жүруім мүмкін. (автобусқа үлгермеу, кесені сындырып, киімді былғап алу).
а)иә;
ә) кейде;
б) жоқ.

4. Ешкімді көргім келмей, ешкіммен сөйлескім келмейтін күйде ұзақ уақыт бойы жүруім мүмкін. 
а) иә;
ә) кейде;
б) жоқ.

5. Бөгде әңгіме, шу маған кедергі келтіреді. 
а) иә;
ә) кейде;
б) жоқ.

6. Өзімнің ішкі сезімдерімді, іс-әрекетімді сараптауға ұзақ уақыт жұмсауым мүмкін. 
а) иә;
ә) кейде;
б) жоқ.

7. Көңіл-күйіме қарай әрекет етемін. 
а) иә;
ә) кейде;
б) жоқ.

8. Жиі қорқынышты түстер көремін. 
а) иә;
ә) кейде;
б) жоқ.

9. Өзгелерден арттамын деген ой маза бермейді. 
а) иә;
ә) кейде;
б) жоқ.

10. Көңіл-күйім тез өзгереді. 
а) иә;
ә) кейде;
б) жоқ.

11. Біреумен сөзге келіп қалғанда, менің даусым әдеттегіден тыс бәсеңдеп не көтеріңкілеп кетеді.
а) иә;
ә) кейде;
б) жоқ.

12. Өте тез ашуланамын.
а) иә;
ә) кейде;
б) жоқ.

13. Көңіл-күйім жоқ болса, тәтті тағамның өзі де көмектекспейді. 
а) иә;
ә) кейде;
б) жоқ.

14. Мені біреу түсінбесе, бұл мені қатты ызаландырады. 
а) иә;
ә) кейде;
б) жоқ.


Нұсқама
Ұпайларды санағанда, әрбір «иә» жауабына 0 ұпайдан, «кейде» - 1 ұпай, «жоқ» - 2 ұпайдан есептеңіз.
Нәтижесі
23-28 ұпай. Сіз өкпешіл емессіз. Кішігірім келіспеушіліктер сіздің жан дүниеңізге әсер ете қоймайды. Тіпті, кейбіреулер сізді салқынқанды деп ойлауы мүмкін. Ал сіз оған назар аудармаңыз, олар сізге іштей қызыққаннан айтулары мүмкін. 
17–22 ұпай. Сіз өкпешілсіз. Бұл мінезіңіз өзіңізбен қоса, өзгелерге де қиындық туғызады. Өзіңізді қолда ұстау сізге қиын, сондықтан көбіне жақындарыңызбен не әріптестеріңізбен ренжісіп қаласыз. Болмайтын себептерге ашулана бермеңіз, өзіңізді және өзгелерді аяңыз. 
0-16 ұпай. Сіз өкпешіл ғана емес, кекшілсіз, өзгелердің әрекетін ауыр қабылдайыз. Көңіл-күйіңіз лезде өзгереді. Арқаңызды кеңге салып, болар-болмасқа ренжуді қойыңыз.


Жаңалықтар