|    |  
27 наурыз 2019
00:32
қаз
Монах бүлдіршін интернеттің жұлдызына айналды (фото)
12 тамыз 2015, 13:39 3
Таиландтағы Wat Pa Maneeka монастыріндегі Nongkorn есімді ең жас монах соңғы күндері Қытай интернетіндегі танымал кейіпкерлердің біріне айналды. Бұл туралы «Жэньминь жибао» хабарлады.



Басылымның мәліметіне қарағанда, 2 жасар бүлдіршін қазіргі таңда монастырда будда дінінде тәрбие алып жатыр. Ата-анасы оны небәрі 3 айлығында ғибадат үйіне әкеліп тастаған екен. Содан бері ол осында өз ұстаздарымен бірге тұрады. Ол жасы үлкен монахтардан қайыр-садақа жинап, медитация жасап, қасиетті жазулар сырын тыңдап, жұмыс істеп үйреніп жүр. Рас, ол тым жас болуына байланысты медитация позасында отырған кезінде көбіне ұйықтап қалатын көрінеді.





Дереккөзі: ras.kz


Жаңалықтар