|    |  
24 сәуір 2019
04:46
қаз
​Мейрамбек Бесбаев екі ұстазына өлең арнады
25 қыркүйек 2017, 12:44 10
Қаршадайынан елдің сүйіктісіне бөленген Мейрамбек Беспаев желідегі оқырмандарын ақындық қабілетімен таңғалдырды.

 
 
Әнші өзін танымал еткен «Бозторғай» әнінің авторлары Алтынбек Қоразбаевпен және ақын Әбдірахман Асылбекпен бірге түскен суретін жүктеп, қос ағасына өлең арқылы алғысын білдірген.
 
 
Өнерді өміріме дос қылғалы,
Биік тұр көкелермен көштің мәні.
Самғатқан “Бозторғаймен” көкке мені,
Әрдайым арқа тұтам қос тұлғаны.
 
Кім білмес, Әбдіраxман Асылбекті,
Ақын ғой арда туған асыл текті.
Алтынбек көкем жазған әндерді айтып,
Жас күнім жақсылардың қасында өтті.
 
Екеуің екі шыңдай ерексіздер,
Жасымнан ерттіңіздер елеп сіздер!
Бір Алла сіздерге ұзақ ғұмыр берсін,
Қашанда қазағыма керексіздер!
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар