|    |  
27 наурыз 2019
00:08
қаз
Мейірімді бала тәрбиелеудің 11 жолы
23 қаңтар 2019, 16:07 5

1. Балаңызға үлгі бола біліңіз

Баланың алдында айтылатын әрбір сөзге мұқият болыңыз. Олар бәрін де естиді. Егер сіз көршіңіздің бетіне күліп қарап, көзін ала бере оны балағаттасаңыз, балаларыңыз жасандылықты байқайды. Сондықтан, адал әрі тұрақты болыңыз.

2. Сіздікі дұрыс болмаған жағдайда баладан кешірім сұраңыз

Егер балаларға әділетсіздік көрсеткен болсаңыз, өз қатеңізді мойындаңыз. Бұл қадам – арадағы сенімділікті нығайтып, баланың өз күшіне деген сенімін арттырады. «Қателік жіберу – аса қорқынышты емес, ең қорқыныштысы – адамдық қасиеттен айырылу».

3. Балаларға мейірімді болыңыз

Олардың жасаған әрекетіне деген көзқарасыңыз бен баланың өзіне деген махаббаттың ара жігін ажырата біліңіз. Жай сөзбен айтқанда: «Мен сені жақсы көремін, бірақ мына жасағаның маған ұнамайды» деп айтыңыз.


4. Өз-өзіңізді күте біліңіз

Егер сіз салақ, ұқыпсыз болсаңыз, қалай болса солай киініп жүрсеңіз, балаңыз сол қасиетті өзіне алмай қоймайды. Таза болсаңыз, балаңыз да сіздей болып өсері анық.

5. Балаларға арнайы уақыт бөліңіз

Компьютерден босап, планшетті өшіріңіз де, күніне тұтас бір сағат уақытыңызды балаларға арнаңыз.

6. Балаңызбен бірге еріктілер қатарына қосылыңыз

Балаңызды өзіңізбен бірге ертіп, көмекке зәру адамдарға қол ұшын созып, мұқтаж жандардың көңіл-күйлерін көтеруге ат салысыңыз. Балаға өзін қоғамға керек екенін түсініп, сезінуіне мүмкіндік беріңіз. Сондай-ақ, жағажайлар мен саябақтарды тазалауға арналған жиындарға қатыстыру да жақсы шешім.

7. Ой-өрісін дамытыңыз

Араласып жүрген дос-жарандарыңыздан басқа адамдарды қонаққа шақырыңыз. Баланы әлемі бөлек ортаға ертіп барыңыз. Балалары қабілетті, көпбалалы, үлкен отбасыға немесе ұлты, діні басқа адамдардың ортасына және т.б.


8. Өзгенің жан-дүниесін ұғу жайын түсіндіріңіз

Балаңызға мейірімді болу, адамдарға түсіністікпен қарау жайлы әңгімелеп беріңіз. Оған мектепте, басқа жерде орын алатын келеңсіз жағдайлардың мейірімді болып қалуға еш әсерін тигізбейтіндігін жеткізіңіз. Баламен ашық, еркін түрде сөйлесіңіз.

9. Өзін дұрыс ұстауды үйретіңіз

Балаға ұялғанда, қорыққанда немесе басқа да ішкі эмоция кезінде өзін дұрыс ұстауына көмектесіңіз. Яғни, дауысын, айтатын сөзін, бет-әлпетін, қимыл-әрекетін қадағалап отырсын. Балалар осындай жағдайларда көп қиындыққа тап болады. Бір сәттік іс-қимылдан немесе айтылған сөзден өзін үнемі ыңғайсыз сезініп, «тағы бір нәрсе бүлдіремін бе?» деген үрейдің жетегінде жүруі мүмкін.

10. Өз сезімін түсінуіне көмектесіңіз

Балаңыздың басынан қандай сезімдерді өткергендігін сұрап көрдіңіз бе? Еш ұрыс-керіссіз, достық көңілмен ашуланғанын, ренжігенін, қызғанғанын, көңілі қалған сәтін сұрап көріңізші. Бала өз басынан өткізген эмоцияларын қаншалықты ажырата білсе, соғұрлым ол әр түрлі жағдайда туындайтын эмоцияларды дұрыс басқаруды білетін болады.

11. Үй жануарларын асыраңыз

Үй жануарына барлық бала қызығады. Бірақ оны алып бермес бұрын балаға басқа бір тірі жанның өмірі мен денсаулығына отбасыңызбен бірге жауапты екендіктеріңізді түсіндіріңіз. Сонымен бірге ол ерікті түрде сол жауапкерішілікті сізбен бірге бөліссін.

Дереккөзі: ​http://syrlasu.kz


Жаңалықтар