|    |  
21 сәуір 2019
22:58
қаз
«Меломен» әншілері төбелес туралы ақпаратқа анықтама берді
27 қыркүйек 2017, 15:04 10
Бірер күн бұрын БАҚ беттерінде «Меломен» тобының жігіттерінің соққыға жығылып, ауыр халде ауруханаға түскені туралы ақпарат кең таралып кеткен болатын. Олардың сол ақпаратқа сай суреттері көпшіліктің зәресін ұшырған еді. Бірақ бүгін топ мүшесі Ролан Қазретов осы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.


 
Әнші желідегі парақшасына: «Құрметті достарым интернет желісінде бізді пышақтап кетті деген аты өшкір жаман ақпарат тарап жатыр,еш алаңдамаңыздар! Біздер Орал қаласынан аман-есен келіп, бірден киноның түсіріліміне кірісіп кеткен едік. Бетіміздегі дақтардың бәрі грим, ешқандай төбелес ештеңе болған жоқ. Кино барысындағы рөліміз қарақшының рөлі болатын. Суреттер интернет желісіне қалай тарап үлгергенін де байқамай қалдық. Арсыз біреудің қастандығы ма, түсінбедік. Түсірілімнен кейін қарасақ ел шулап, туысқандарымыз жақындарымыз алаңдап қоңырау шалып жатыр, өзіміз шошып кеттік. Жалған ақпараттың белең алып алаңдатып жібергені үшін кешірім сұраймыз барлығының атынан. Өтінеміз алаңдамаңыздар,бәрі жақсы бізде»-деп жазған.

 

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар