|    |  
20 сәуір 2019
06:26
қаз
​Медбикелер ауыр науқасты көшеге шығарып тастаған
29 қаңтар 2018, 10:38 13
Сочиде медбикелер ауыр науқасты ауруханадан алып шығып, гараж маңында лақтырып тастаған.


 
Науқасты жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалып, полицияға хабар берген. Оқиға орнына жеткен құқық қорғаушылар жедел жәрдем шақырған. Ал жедел жәрдем дәгірелері науқасқы ауруханаға қайта жатқызған. 
 
Әлеуметтік желілерде кең тараған бұл оқиға қоғамдық резонанс тудырды. 
 
Тексеріс барысында бақылау камерасынан ақ халатты медбикелердің науқасты ауруханадан қалай шығарып тастағаны анықталған. Ал медбикелер ер адамның өзі гараж маңына алып шығуды, ол жерде досы күтіп тұрғанын айтты дейді.


 
Сочидің Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марина Вартазарян медбикелердің жұмыстан босатылатынын мәлімдеді. Заңгер енді олардың сегіз жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін екенін айтады. 
 
Жергілікті журналистер науқастың өзінен сұхбат алған. Ер адам мұрны сынып ауруханаға түскен. Интоксикацияға шалдыққан. Медбикеден сыртқа шығаруды өзі өтінген. Аурухана медбикесі Мария Комиссарова науқастың шылым шегу үшін сыртқа шығаруды өтініп қоймағанын, сол өтінішін орындағанын, кейінірек келіп алып кетпек болғанын айтады.


 
Дереккөз: СМИ


Жаңалықтар