|    |  
16 желтоқсан 2018
03:50
қаз
Mcdonald′s пен Disney қайтадан бірге жұмыс істеуге уағдаласты
09 наурыз, 12:23 59


2006 жылы Disney компаниясы балалардың семіздік ауруына шалдығуы салдарынан McDonald′s-пен арадағы көпжылдық еклісімшартты үзген болатын. Балалардың семіздікке шалдығуы проблемасының көрсеткіштері тез арада өсіп кеткен, ал Диснейдің тәрбиеленушілері балаларға арналған тағамдар мәселесіне өте қатаң талаптар қояды. Алайда араға 12 жыл салып барып компаниялар қайтадан бірлесіп жұмыс істеуге ниет танытты, деп хабарлайды Вести.

Биылғы ақпан айында McDonald's өзінің «Хэппи Мил» өнімінің құрамына өзгерістер енгізетінін, осылайда тағамдардың калориясын, майлар мен қанттың мқлшерін азайтатынын мәлімдеді. Осы мақсатта балаларға арналған жиынтықтан чизбургер мен газды сусынды алып тастауға тура келген. Мұндай өзгерістерді Disney оң қабылдап, компаниялар қайтадан бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

Алдағы уақытта Disney ойыншықтары «Хэппи Мил» жиынтығында қайтадан пайда бола бастайды. Олардың алғашқы партиясын жазға қарай «Суперсемейка-2» мультфильмінің жарыққа шығуы құрметіне орай шығару жоспарланып отыр. Одан кейінгі кезекте ханшайымдар мен супер-батырлар шығатын болады.
 


Жаңалықтар