|    |  
22 наурыз 2019
12:30
қаз
Маржан Арапбаева көпшілікке қызын көрсетті
25 мамыр 2015, 15:40 9
Осыдан бірнеше ай бұрын екінші рет қызды болған Маржан Арапбаева кішкентай сәбиінің суретін көрсетіп, оқырмандарына таныстырды.



Астана қаласында тұратын өнер иесінің ана болғанын ести сала тыңдармандары желі арқылы құттықтап, ақ тілектерін жаудырған болатын. Әріптестері мен достары да Маржанның қуанышты хабарымен бөлісіп, перзентханадан шығарып алған еді.

Енді, міне сол қызына бүгінде үш ай толып отыр. Есімі Айлин екен. Айтпақшы, аяқ қолын бауырына алған Маржан сахнаға тез оралды. Өзгелер секілді жыл бойы бала бағумен айналысып жатпады. Концерттер, кештер, тіпті тойларда да өнерін көрсетіп жүрді.

Тағы бір қызығы, Маржан шашының түсін қызғыш түске бояп, инста достарына басқаша бір образбен оралды.

Дереккөз: Nur.kz

 


Жаңалықтар