|    |  
22 мамыр 2019
12:43
қаз
Марат Балмырза: Патриот ағаларымыздың балаларының орысша сөйлейтіні болмаса, Өмір керемет қой
23 қазан 2017, 17:15 23
Қарапайымдылығымен ерекшеленетін жас әнші әрі сазгер Марат Балмырза желіде де «жұлдыз» болып, өз-өзін жарнамалауға құмартпайтындардың қатарында. Әнші бүгін instagram-дағы парақшасында пәлсапалық ойымен бөлісіпті. Ойлы сөздерін оқырманға жеткізуді жөн көрдік.


 
«Кейде домбыраңның керек кезінде тиегі тап-тар тесігіне кіріп кетіп шықпай қоятыны болмаса; Адамдардың өзіне көбірек алғанды жандарымен сүйетіні болмаса; Сақалымызды қанша қырсақ та, теп-тез өсіп кете беретіні болмаса; Астымыздан мұнай шықса да, үстінде жүріп бензин таба алмай қалатынымыз болмаса; Кейде асыққан кезде түсі екі түрлі шұлық киіп кете беретініміз болмаса; Адамдар тым жұмысы көп болып көрініп, сені өтірік байқамай қала беретіні болмаса; Кейде қоқыс төгуге бара жатқанда пакетің жыртылып кетіп, көшеде жинап отыратының болмаса; Саған жаны ашып тұрғандай ақыл айта отырып, сенің бүкіл энергияңды сорып, тауысып кететін адамдар бар болғаны болмаса; Электрондық поштаңды қанша рет жаңадан ашсаң да қоқыс, қажеті жоқ xаттардың ағылып келе беретіні болмаса; Құдайдан қорқатынымызды тек Құдайға емес, адамдарға дәлелдеуді қоймайтынымыз болмаса; Есік алдында отырған көршілерің келе жатқанда не алып келе жатсың деп қолыңа үңіліп қарай беретіні болмаса; Бетіңе өтірік күліп, мақтап-мақтап алғысы келген нәрсесін алып кете беретін адамдардың баршылығы болмаса; Өліп ұнатып, алайын деп тұрған бәтеңкеңнің размері болмай қалатыны болмаса; Қазақ-қазақ деп жүректері соғатын, тым патриот аға-бауырларымыздың балалары орысша сөйлеп жүргені болмаса, ӨМІР КЕРЕМЕТ ҚОЙ ИӘ?»-дейді сазгер.

Келіспеске амал қане?
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар