|    |  
18 ақпан 2019
02:24
қаз
Қызылша шырынының пайдасы
22 қаңтар 2019, 16:01 170


Егер қанайналымыңыз дұрыс емес болса, онда сізге қызылша көмекке келеді. Қызылша шырыны қан айналым жүйесіндегі бұлшық ет талшықтарының санын көбейтеді. Бұл талшықтар жүгіру кезінде адамның үнемі сергек жүруін қамтамасыз етеді. 

Адам спортпен айналысқан кезде мүмкіндігінше қызылшадан жасалған шырын ішуі тиіс. Өйткені қаңқа бұлшық еттерінде қан айналымын жақсартатын азот қышқыл тұзы бар. 100 грамм саумалдықта қанша азот қышқылының тұзы болса, қызылша шырынынында да сонша болады. Ол ағзада қан тамырларын кеңейтетін азот тотығына айналады.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, бұлшық еттегі талшықтардың жақсаруы қан айналымын 38 пайызға жақсартады екен. Бұл, әсіресе, тез қысқаратын талшықтар үшін пайдалы.

Шырынның тағы бір пайдасы ағзада қышқыл жоғары болуымен күреседі. Қанды тазартып, қаназдықты емдейді. Сонымен бірге қызылшада калий, магний, ниацин, темір мен биотин секілді пайдалы элементтер көптеп кездеседі.


Жаңалықтар