|    |  
24 наурыз 2019
15:04
қаз
Қытай жасырып отырған ұйғыр пирамидалары (ФОТО/ВИДЕО)
14 наурыз 2017, 17:17 19
21-ғасырда өмір сүріп отырып, жер бетінде жасырын ештеңе қалмады деп ойлаймыз. Бірақ әлі де әлем назарынан тыс тұрған дүниелер бар екен. Қытайда ежелгі Египет пирамидаларынан үш есе үлкен пирамидалар табылған. Оларды Қытай империясына дейін ұйғырлар тұрғызыпты.


 
Арасындағы ең үлкен Ақ пирамиданың биіктігі 300 метр, ені 500 метр. Бұл дегеніңіз 148 метр болатын әйгілі Хеопс пирамидасынан бірнеше есе үлкен.
 
Бұл пирамидалар алғаш рет екінші дүниежүзілік соғыз кезінде суретке түсірілген. 1957 жылы алғаш рет «Лайф» журналында жарияланды.
  


Америкалық әскери ұшқыш Джеймс Гауссман Орталық Қытайдағы Кин-Линь-Сян тауларының үстінен ұшып бара жатып алғаш рет алып пирамидаларды байқаған. Суретке түсіріп алған да сол. Бірақ Джеймс Гауссманның бұл суреттері көп ұзамай әскери мұрағаттан жоғалып кеткен.
 

 
Неміс ғалымы Хартвиг Хаусдоф 1994 жылы экспедиция жасап, тек бірнеше суретті ғана жариялауға рұқсат етеді. Оның сөзінше бұл пирамидалар біздің эрамызға дейінгі 2500 жылдары тұрғызылған.

Бұл жерлерге экскурсияға барып, эксперимент жасауға тыйым салынған. Хаусдоф қабырғаларда ұйғыр тілінде жазылған ескі жазбалар көргенін және мумиялардың түріктердің бабалары қолданған техникамен жасалғанын жеткізген.
 


Бұл құпия пирамидаларды 1960 жылдары жаңазеландиялық Брюс Кати барып көруге бел буады. Десе де Қытай билігі мен археологтары пирамидалардың бар екенін мүлде жоққа шығарған.
 
Брюс Кати 20-ғасыр басында Шэнси провинциясында болған автралиялық екі саудагердің күнделіктерін іздестіреді. Олар да осы алып пирамидаларды көргенін хатқа түсірген.
 


Бұл кешендер туралы барлық ақпаратты жинаған Брюс Кати Циянь қаласының маңындағы 16 пирамиданың нобайын түсіреді.
 


Бірқатар зерттеушілер бұл кешендерді өзге планеталықтардың тұрғызғанына сенімді.
 




Бүгінгі таңда Қытай бұл пирамидаларды әлем назарынан жасырып отыр. Тіпті маңына жасыл желек егіп, жасыруға тырысуда.
 
Дереккөз: БАҚ материалдары


Жаңалықтар